Ғаламшарымыздың су резервтері мен суды үнемдеудің маңызы

Жер шары - ортақ үйіміз 19

269263
Ғаламшарымыздың су резервтері мен суды үнемдеудің маңызы

Қазіргі таңда жиі қолданылған жаңа сөздердің бірі де «жалғастырыла алатын» деген ұғым. Мағыналық тұрғыдан бір ресурсты тұрақты және зиян келтірмей пайдалану деген сөз.
Жалғастырыла алатын энергия, жалғастырыла алатын ауылшаруашылығы, жалғастырыла алатын су көздері, жалғастырыла алатын өндіріс, жалғастырыла алатын тұтыну, жалғастырыла алатын тіршілік сияқты атауларды мысал ретінде келтіруге болады. Осы ұғым бүгінді келешекпен байланыстырады және жауапкершілік жүктейді. Ғаламшарымыздың толығымен біздікі емес екенін, тек қана өтпелі бір мерзім үшін аманат ретінде пайдаланғанымызды және болашақ ұрпақтарға қалдыру керектігін ұмытпау керек. Не қазір тіршілігіміздің жалғастыру үшін қажетті ресурстарды үнемдеп пайдаланармыз, не болмаса әрі өзіміз, әрі ұрпақтарымыз болашақта тіршілігімізді жалғастыру мүмкіндігінен айырылармыз. Осы тақырыптағы таңдауымыз әрі біздің, әрі ұрпақтарымыздың келешегіне тікелей қатысты. Жалғастырыла алатын ресурстардың ең маңыздысы болса күдіксіз «су» болып табылады.
* * *
Су өмірдің тынысы. Жер шарында әсіресе солтүстік жарты шарда құрғақ өткен 2007 жылы судың орнына қойыла алмайтын байлық екенін есімізге салды. Бұл шындық қазірге дейін көпшілігіміздің есіне түскен жоқ. Су көздеріміздің жартысын соңғы 40 жылда жоғалттық. Әлемде 1998 жылы 28 мемлекет су тапшылығына душар болды. 2025 жылы су тапшылығы шегетін ел санының 56-ға жақындауы күтіледі. Ғаламшардағы барлық мәселелерге қарағанда, осыған адамның себеп болғанын байқаймыз. Бұл мәселелер тек қана бізге тән емес. Ғаламшар жаралған күннен бері қоршаған ортадағы бүкіл жан-жануар мен жансыз құбылыстарға да күн сайын зиянымыз тиеді. Негізінде ақылды жалғыз құбылыс ретінде адамзат, өмір сүрген тіршілікті бұзбай, өзінен кейінгі ұрпаққа қалдыратын күшке ие. Табиғаттың өзі қоршаған ортадағы жан-жануар мен жансыз құбылыстарды реттейтін бір тәртіппен жұмыс істейді. Табиғи коректену ережесі, әдеттегі өмір сүру салты, табиғи туылу және дүниеге көз жұму олар тарапынан бұзылмай жалғасады. Бірақ біздер жер шарына бар зиянымызды тигізіп отырамыз.
* * *
Қоршаған ортаның 5 миллиард жаста екені ғалымдар тарапынан алға тартылады. Ғаламшардың бір үздігі ретінде адам да 1.5 миллион жаста. 1.5 миллион жыл бойы біз паналаған ғаламшарға қаншама зиян келгенін ойлаңыз! Тұрмыс-тіршілігіміз қазіргідей жалғасатын болса әрі жер шары, әрі біздің тіршілігіміз де бұзылады. Бізге дейін бұрын жер шары өз мәселесін өзі шешетін еді. Біз адамзат ретінде әр түрлі мүддемізді қорғау үшін бір-бірімізбен соғысып отырдық. Бірақ зардабын осы ғаламшар шекті. Жетілген сайын өркендедік, зияны осы жер шарына келді. Технологияны жетілдірдік, дегенмен зиянын бұл ғаламшар шекті, жер шары ұтылды. Жер шарын ойламадық. Ормандарды өртедік табиғаттың өкпесін құрыттық. Теңіздерді пластикалық және химиялық қоқыстарға толтырдық. Таза энергия орнына, ең қолайлы энергия көзін пайдаландық. Өз кесірімізден суды қолданыстан шығардық.
Әлем болса, әрқашан өзін өзі реттеп келді. Адамзаттың кемшіліктерін кешіріп, кейде ескерту ретінде лавалар арқылы құлағымыз сыбырлады. Бұл ескертулерді байқамадық. Бұл ескертулерге онша көңіл бөлмедік. Лавалар, сел басқындары, жер сілкіністері, цунамилер, борандар, мұздану мен ерулерді және ысынуды «жоқ» деп қабылдадық. Ғаламшар амалсыздан шыдамын тауысқанын сездірді.
* * *
Жылдар бойы жалғасып келе жатқан жұмыстар жаһандық деңгейде өте үлкен мәселелерді туғызды. Ақырында тіршілігіміз үшін аса маңызды ресурстардың басында келген су көздері жайлы тапшылықтар пайда бола бастады. Жаһандық ысынудың адамға келтірген ең үлкен зияны таза ауыз суының жойылуы. Жер шарының төрттен үш бөлігін құраған судың тек қана 3 пайызы ауыз суы болып пайдаланылады. Қалған 97 пайызы болса жарамсыз су ретінде қабылданады.
Жаһандық ысынумен бірге адамзаттың ауыз суы мөлшері де азая бастайды. Тіршілігіміздің әр сатысында қолданған суды дұрыс пайдалануды үйренуіміз керек. Суды үнемдеудің жолдарын қарастырып, өз бала-шағамызға да суды үнемдеуді үйрету керекпіз. Осыған қатысты атқарылатын іс-шаралар барлық әлемнің алдыңғы қатарлы тақырыптары арасында болуға тиісті. Әр түрлі конференция, семинар және отырыстар арқылы суды пайдаланудың әдістерін талқылауымыз керек. Тақырыпқа қатысты мамандардың жұмыстары негізінде жаңа шешімдер жетілдіруге тиістіміз.
* * *
Мамандардың суды қолдануы жайлы ұсыныстар баспасөзде жиі орын ала бастады. Біз де сіздерге осы жайлы қысқаша ұсыныстар жасағымыз келеді. Үйіңіздегі бұзылған су шүмектері мен әжетханаларда бекер ағып жатқан суды жөндеткізейік. Өйткені секундына бір тамшы су жылына 3 текше метр яғни, 3 тонна судың жұмсалуына себеп болады. Сол үшін алдыңғы қатарлы міндетіміз үйдегі бекер аққан су шүмектерін жаңарту болып табылады. Суды ең көп моншада қолданамыз. Моншада бір рет шомылған кезде 150 литр су жұмсаймыз. Орнына душты қолданып, 50 литрге дейін су шығынын азайтуға болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар