Күн жүйесі мен энергиясы

Жер шары - ортақ үйіміз 16

294538
Күн жүйесі мен энергиясы

Ұйқыдан тұрған сайын жаңа бір күн басталады. Жаңа басталған күн кейбіреулер үшін жаңа бір үміттің де белгісі. Сондықтан әр тілде жаңа бір күнге оянған кезде бір-бірімізге сәттілік тілейміз. Бірақ Күннің жаңадан шығуы біз үшін басқаша мағынаға келеді. Яғни, «көк аспанның жарқырауы» ғылыми және нақты бір құбылыс. Бәрінен де маңыздысы - Күннің әр қашан шыққаны.
Күн және айналасына басқа ғаламшарлар орналасқан «Күн жүйесі», дүние үшін табиғи энергия көзі болып табылады. Бүгін біз пайдаланып отырған әр түрлі энергия көздерінің көпшілігі Күн әсер еткен оқиғалардың нәтижесінде ортаға шығады. Күнделікті күн энергиясы әлемге жарық береді. Жаңбыр ауыз суына айналдырыла алады және ең маңыздысы фотосинтез арқылы тіршілік жалғасады. Өміршең маңызды бұл күннің өнеркәсіптік тұрғыдан өндіру де мүмкін.
* * *
Күн - радиусі жер шары радиусінің шамамен 109, салмағы болса 330 мың есе көп Құс жолындағы 100 миллиард жұлдыздың бірі. Әрі құс жолы галактикасының, әрі өзінің төңірегінде айналады. Баршаға мәлім, галактикалар миллиардтаған жұлдыздардан тұрады. Ең үлкен галактиканың жұлдыз саны шамамен 3 триллион. Орташа үлкендіктегі бір галактикада 200-300 миллиард, ал кіші бір галактикада болса шамамен 100 миллиард жұлдыз бар. Құрамында Күн жүйесі де бар Құс жолы галактикасының диаметрі 100 мың жарық жылымен түсіндіріледі. Бұл жете алынбайтын қашықтықтар. Бірақ жай қарағанда бұл жұлдыздар біздің көзімізге жақын болып көрінеді.
* * *
Күн жүйесі өзінің тартылыс күшіне бағынған сегіз ғаламшар мен олардың белгілі 166 ғаламшар серігі және бес кіші ғаламшар мен олардың серіктерінен тұрады. Табиғи астероидтар, құйрықты жұлдыздар, метеорлар сияқты кіші құбылыстар да осы жүйенің құрамында. Күн өзінің айналасында сағатына 70 мың км жылдамдықпен айналымын 25 күнде аяқтайды. Әлем күннен шамамен 150 миллион км қашықтықта және күннің айналасында эллипс бір орбитамен айналады. Сондай-ақ өзінің айналасында да айналғандықтан дүниемізге күннен келген энергия әрі күн бойы, әрі жыл бойы өзгермейді. Жер шарының өз айналасында айналу білігі, күн айналасындағы айналым орбитасымен 23.5 градустық бір бұрылысқа ұшырайды. Сондықтан жер шарына түскен Күннің күші түрленіп, маусымдар пайда болады.
Geçiş
Күннің салмағы ыстық газдардан тұратын, айналасына жылу және сәулесін түсірген бір жұлдыз болып қабылданады. Күдіксіз, өте күшті жылуға ие. Күннен шыққан энергияның тек 2 миллионнан бір бөлігі жер шарына жете алады. Күннің жылуы 8.5 минутта жер шарына ұласады. Үш күнге түскен Күн жылуы дүниедегі барлық мұнай, көмір және ормандардан пайда болған энергиямен тең. Күннің құрамы түгелімен сутек пен гелийден тұрады. Сутек мөлшері 75 пайызды құрайды. Күннен келген жылу және жарық сутегі протондарының бірігіп, гелийге айналуы және осы айналу барысында салмағын жоғалтқандықтан пайда болады. Мұны «термоядролық реакция» деп атайды. Ортаға шыққан энергия өте үлкен. Секундына 600 миллион тонна сутек гелийге айналады. Осы кезде әр секунд сайын Күн 4.5 миллион тоннадай жеңілдейді. Күндегі ядролық реакция нәтижесінде қызыл бір жалын 15-20 мың км биікке көтеріледі. Бұл оқиғаға «Күннің бораны» делінеді.
Барлық осы оқиғалардың артынан Күннің жойылып кетуі сияқты бір қауіп ойландыратын шығар. Дегенмен таусылмайтын бір энергия көзіне ие. Күннің энергиясы табиғи бір энергия көзі. Газ, тұман, шаң, көміртегі немесе күкірт сияқты зиянды заттар құрамында жоқ. Барша әлемнің қолданысына ашық энергия көзі болып табылады. Тасымалдау шығыны жоқ, осы энергия түрі энергия көздеріне бағыныштылықты да жояды. Күнді аз немесе көп көретін аймақтарда өнімнің әртүрлі болады, таулардың шыңы мен сайларда осы энергиядан пайдалану мүмкін. Күн энергиясы еш қандай күрделі технология талап етпейді.
Күннің осыншама ерекшелігін мақтаған соң пайда әкелмейтін тұстарына да тоқталайық. Күн энергиясының тығыздығы аз және үздіксіз емес. Энергиядан пайдалану үшін құрылатын жүйенің инвестициялық шығыны қазіргі технологиямен қымбатқа түседі. Күннен келетін энергияны бақылауға алу өте қиын. Өйткені энергияның күші мен мөлшері біздің еркімізге бағынбайды.
Өнімді пайдалану үшін сақтау қажет. Ол - үлкен бір мәселе. Сондықтан күннен арзан және жеңіл пайдалану үшін жаңа технологиялар жетілдіру керек деп ойлаймыз.
Күннің пайда болуы, жер шарымен байланысы және ерекшеліктеріне қатысты түсіндіретін жайттар өте көп. Осылардың кейбіреулері өте күрделі және ғылыми тақырыптар. Бірақ тіршілік көздерінің бірі Күн жайлы сіздермен бөлісетін көптеген пайдалы мағлұмат бар.
Күн зиянды ма? Ал күнге біз зиян бере аламыз ба? Осы тақырыптарға алдағы бағдарламаларда тоқталамыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар