Қазынды отындар мен энергия өзгерісі

Жер шары - ортақ үйіміз 13

286688
Қазынды отындар мен энергия өзгерісі

Бұдан 300 миллион жыл бұрын ғаламшарымыз, әр түрлі өсімдік пен жан-жануар өмір сүрген ұшы-қиыры жоқ батпақтарға тола болған. Геологтар осы дәуірді «Карбон кезеңі» деп атайды. Осы жан-жануар геологиялық өзгерістер нәтижесінде жойылып сүйектері топырақ астында қалып кетті. Жер астындағы осы қалдықтар қазіргі «көмір» және «мұнай" дегеніміз энергия көздеріне айналды. Бұл қалдықтар «қазынды отындар» деп аталады. Адамдар жердің астында мыңдаған метр тереңдікте миллиондаған жыл сақталып кейін жер бетіне шыққан бұл материалды пайдалана бастады. Орта ғасырдан бастап алдымен көмір энергия қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатты өркениеттегі орнын алды. 1800-ші жылдардың басында «өнеркәсіптік кезең» деп аталған кезеңнің бастарында аса маңызды бола бастады. Адам баласы 19-шы ғасырдың аяғына қарай мұнайды шығарып өңдеуді үйренді. Мұнайдың туындысы ретінде табиғи газ 20-шы ғасырдың энергия көздерінің біріне айналып, күнделікті тіршіліктің қажеттіліктері арасында орнын алды.
* * *
Қазынды отындар, жанған кезде құрамында миллиондаған жыл сақталған химиялық энергияны, жылу энергиясына айналдырады. Осы жану кезінде ортаға шыққан көміртегі газы, атмосферадағы «зиян газ» деп аталатын құбылысқа себеп болған ең маңызды газдардың басында келеді. Жылына 30 миллиард тоннаға жеткен көміртегі газы өнеркәсіптің жетілуінің арқасында атмосфераға араласады. Осы себепті баршаға мәлім болғандай адамдар ластану және қоршаған орта мәселелеріне душар бола бастады. Қазынды отындардың қоршаған ортаға зияны және адам баласының өміріне төндірген қауіпі күн сайын арта түседі.
* * *
Күн шыққаннан бастап, қайтқанша ғаламшарға жылуы мен жарығын жібереді. Табиғи айналымның бұзылмауы үшін осы жылудың кеңістікке қайтарылуы қажетті. Бірақ қазынды отындардың салдарынан атмосфераға тараған зиянды газдар жылудың біразын атмосфера да ұстайды. Осылайша ауаның температурасы артып, климат өзгере бастайды. Басқаша айтқанда осы қазынды отындар ғаламшардың соңын келтіре бастайды.
Ғалымдар климат өзгерісімен байланысты «сенімді» шектен аспай тұрғанда, атмосфераға қанша көміртегі тарайтынын есептеген. Климат өзгерісі тұрғысынан ең жоғары «қауіпсіз» ысыну мөлшері бір градус болып табылады. Бірақ қазынды отындардың қазіргі тұтынуы осылайша жалғасатын болса, аталмыш шектен өкінішке орай 40 жылда асатын боламыз. Басқаша айтқанда егер осы климат өзгерісінің алдын алғымыз келсе, қазынды отындарды жағудан бастартып, тездетіп жаңартыла алатын энергия көздеріне инвестиция салу керек.
Мемлекеттер одан әрі қазынды отын іздеудің орнына таза жалғастырыла алатын энергия көздеріне қаржы бөліп қазынды отыннан құтылуы шарт. Жалғастырыла алатын бір тіршілік үшін болашаққа апаратын жалғыз жол күннің энергиясына бағытталған экономикаға көшу.
* * *
Әрине атмосфера да адамзат жоқ кезде де атмосферада зиянды газдар болған. Бірақ ол табиғатта миллиондаған жылда белгілі мөлшерде өз теңдігін орнатқан болатын. Атмосферадағы көміртегі мөлшері осы табиғи заңдылық ішінде шамалы 50 жылдық бір кезеңде мұхиттер тарапынан сорылып, тұрақты бір шектен аспайтын. Жаһандық ысынудың қазіргі таңдағы көрсеткіштері әжептеуір ойландыратын дәрежеге жетті.
Егер 21 ғасырда бүкіл әлем мәдениеттері ретінде қолданғанымыз энергия резервтерін өзгертпеген жағдайда ғаламшардың экожүйесі де бұзылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар