Жер шары - ортақ үйіміз 01

Таза қоршаған орта мен жаһандық ластану.

176061
Жер шары - ортақ үйіміз 01

Жаңа бір жыл басталды. Жыл сайын болғандай, үміттеріміз бен армандарымыздың кейбіреулерін жаңа жылға қалдырдық. Бейбітшілік пен тыныштық биылғы армандардың басында келеді.
Осылар адамзаттың Жаңа жылда ортақ арманы. Әрине армандар осымен шектелмейді. Осы ғаламшарда баршаға, бізден кейінгі ұрпақтарға да ықпалын тигізетін басқа армандар да бар. Ол – бірігіп табиғатты құтқару... Осы мақсатпен сіздерге «Жер шары – ортақ үйіміз» атты бағдарламаны ұсынғанды жөн көрдік. Осы бағдарламада ғаламшарда соңғы жылдары жиі күн тәртіпке келген одан таза қоршаған орта мен жаһандық ластану тақырыптарын бағаландырамыз.
* * *
21-ші ғасыр басталғалы 14 жыл болды. Естеріңізде шығар, бұдан 14 жыл бұрын атын Миллениум (мыңжылдық) деп атаған жаңа бір ғасырды бастаған кезде қалай ойлаған едік. Алдымен мыңжылдықтың қартайған ғаламшарымызға тыныс алдыратынына, ғаламшарымыздың көптеген мәселесіне шешім табылатынына сенген болатынбыз. Қоршаған орта мәселелерін тағы қоршаған ортамен толықтырып, одан таза бір ғаламшарда өмір сүруді қалайтын едік.
Дегенмен бір шындықпен бетпе-бет қалдық. Ол - ғаламшардың жылдам ысынып, жылдам ластана бастағаны. Ғаламшар жылдам ысынған сайын, климаттар да өзгереді. Табиғаттың керемет теңдігін өз қолымызбен бұзып жатырмыз. Жаһандық ысынуға ғаламшарды қорлаған адамдар себеп болуда. Сондай-ақ атмосфераны, суды және топырақты да ластаймыз.
Жетілген технологияларды жаңа жылға тасыған едік. Енді одан көп жетілген технологиялар армандай бастадық... Міне сол технология ұсынған жеңіл тіршілікте одан жылдам, одан мықты машиналар өндіре бастады. Қалаларда жанармаймен жүретін автокөліктердің саны артты. Бір жақтан кондиционерді жиі қолданып жатсақ, басқа жақтан саяхатқа көбінесе ұшақпен шығамыз.
Қоршаған ортаны жылдам ластаған жаһандық ысыну міне осы кезде пайда болады. Ғаламшардың үстіне бір мата жамылғанын ойлаңыз. Осы мата көмір, мұнай сияқты қазынды отындар қолданған сайын қалыңдығы одан да арта түседі. Ғаламшарды қоршаған қорғаушы бір қалқан бар. Осы қалқан азот қышқылы мен сутектен тұрады. Дегенмен біз айтып отырған қалқан көміртегі және метан газы себепті зақымдалуда.
Өйткені технологияның салдарынан өндірілген температурадан құтылатын басқа жол жоқ.
Сол кезде не болмақ? Ысыну ғаламшарды жылытқаны себепті зиянды газға айналады. Міне, жаһандық ысынудың себебі де осы. Мерзімінен тыс климат қозғалыстарына куә боламыз. Ағаштар ерте гүлденіп, жануарлар уақытсыз туады. Болмыс өз заңдылығымен жалғаспаған соң өлім мен жойылу қаупі пайда болады.
* * *
Өнеркәсіп төңкерісінен бері атмосферадағы көміртегі көлемі 31% мөлшерінде артқан. Одан көп көміртегі ғаламшарымыздың одан көп ысынуы деген мағынаға келеді. Температураның 2º артуы, өсімдік пен жануар түрлерінің 30% -ын жойылу қаупімен бетпе-бет қалдырады. Ғалымдар жаһандық ысынудың 2050 жылына дейін өсімдік пен жануар түрлерінің төрттен бір бөлігін немесе 1 миллионнан астамын қыратынын болжауда. Автокөліктер мен фабрикалардың газ тарауында ең үлкен себеп екенін атап көрсеткен ғалымдар мен зерттеушілер, тараған газдардың 21-ші ғасырдың соңдарына қарай орташа ысынуды бұрын-соңды байқалмаған дәрежеге жеткізетініне назар аударады.
Жер шарында 1992 жылы мағлұматтарына қарағанда 12,5 миллион жануар түрі өмір сүреді. Осы түрлердің адамзат қолынан жойылу жылдамдығы 100 бен 1000 есе артатыны болжалады. Осы процесс жалғасқан сайын 50 мен 100 жылдық мерзім ішінде қазіргі түрлердің жартылай жойылатыны есептеледі. Қазір табиғаттағы құс түрерінің шамамен мың шақтысының түрлері жойылу қаупіне душар. Табиғаттағы астық қорының бұзылуы таңқаларлық нәтижелерге жол ашады. Осы себепті жанды түрлерінің кейбіреулерінің жойылуы басқа жанды түрлеріне де тікелей әсер етеді.
Әлем тұрғын санының көпшілігі өмір сүрген мұхит пен жағалаулардағы адамдардың өмірлеріне де қауіп төніп отыр. Мұздықтардың еруі және теңіз деңгейінің көтерілуі әсіресе осы аймақтарға әсер етеді.
Климаттардағы өзгерістер әсіресе қуаңшылық шеккен аймақтардағы су тапшылығын одан да арттырады. Ылғалды аймақтарда болса сел мен су тасқындары күшін арттыруда. Дауылдар адамдарға зиян береді.
Түркия да әрине осы жаһандық ысынудан үлесіне түскенін алады. Кейбір аймақтардың су резервтері одан көбірек азаюда. Қуаңшылық тарап, ауылшаруашылық өнімдері де азаяды.
Қысқа мерзімде жаһандық ысынудың алдын алу онша мүмкін көрінбейді. Ластанған қоршаған ортаны тазалау да сондай. Дегенмен күшін азайту біздің қолымызда. Өйткені жер шары - ортақ үйіміз! Құтқаруда біздің міндетіміз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар