"TCG Anadolu" Әскери-теңіз қолбасшылығының қызметіне кірді

Түркияның ең үлкен әскери кемесі "TCG Anadolu" Әскери-теңіз  қолбасшылығының қызметіне кірді.

Әлемдегі алғашқы Қарулы Ұшқышсыз әуе көлігі кемесі және Түркияның ең үлкен әскери кемесі "TCG Anadolu" Әскери-теңіз  қолбасшылығының қызметіне кірді.

2019 жылдың мамыр айында теңізге түсірілген және теңізде қабылдау сынақтары 2022 жылдың маусымында басталған "TCG Anadolu" Көп мақсатты амфибиялық шабуыл кемесі бүгін Президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен өтетін салтанатпен Теңіз Күштері қолбасшылығына тапсырып берілді.

Рәсімде Ердоған былай деді: «(TCG Anadolu) Бұл кемені өз аймағындағы көшбасшы және Түрік ғасырында әлемдік көшбасшы ретіндегі ұстанымымызды бекітетін символ ретінде көреміз».

Ердоған «"TCG Anadolu" кемесін Стамбул Сиркеджиге тартамыз. Халқымызға кемемізді ашамыз. Халқымыздың кемемізді аралағанын қалаймыз, осы мақтанышымызды бірге бөлісеміз» деген сөздер қолданды.

"TCG Anadolu" кеме үстінде ұшып-қонуға болатын Қарулы Ұшқышсыз әуе көлігі кемелерімен әлемдегі «Тұңғыш Қарулы Ұшқышсыз әуе көлігі кемесі» аталады. Бұл үшін "Байкар" компаниясы тарапынан қанаттары жиналмалы "Байрактар ТБ3"  Қарулы Ұшқышсыз әуе көлігі дайындалуда.

Кемедегі қару-жарақ жүйелері, соғыс басқару жүйесі, электронды соғыс жүйелері, инфрақызыл іздеу және қадағалау жүйесі, электро-оптикалық іздеу жүйесі, лазерлік ескерту жүйесі, торпедаға қарсы қорғаныс жүйесі, радарлар, байланыс жүйелері, навигациялық жүйелер, ақпарат тарату жүйелері отандық және ұлттық мүмкіндіктермен жетілдірілді.

Кемені қажет болған жағдайда табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін де пайдалануға болады. Толық жабдықталған аурухана мен операциялық бөлменің арқасында ол табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету, гуманитарлық көмек және босқындарды эвакуациялау операцияларында медициналық қолдау көрсете алады.

Ұзындығы 231 метр және ені 32 метр "TCG Anadolu" ұшу палубасына 10 тікұшақ немесе 11 Қарулы Ұшқышсыз әуе көлігін орналастырады, ал ангарда 19 тікұшақ немесе 30 Қарулы Ұшқышсыз әуе көлігін тасымалдауға болады. Кеме 1223 қызметкерді қабылдайды.