Вице-президент "Даму жолы" жобасы туралы мәлімдеді

Йылмаз: «Түркия бұл жобамен стратегиялық тұғырын одан әрі күшейтеді».

2133125
Вице-президент "Даму жолы" жобасы туралы мәлімдеді

Вице-президент Джевдет Йылмаз «Даму жолы» жобасының әрі Түркияға, әрі бүкіл аймаққа жаңа тыныс беретінін айтты.

Йылмаз «TRT Haber» арнасында «Даму жолы» жобасы туралы маңызды мәлімдемелер жасап, қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ирак сапарының екі елдің сауда қарым-қатынасында қалай көрініс табатыны туралы қойылған сұраққа Йылмаз Иракпен көп тұсты қарым-қатынаста екенін білдірді.

Екі ел арасындағы сауданың қауіпсіздік, террормен күрес және энергиямен бірге өте маңызды сатыда екеніне назар аударған Йылмаз сапардың ең маңызды күн тәртібінің «Даму жолы» жобасы екенін мәлімдеді.

Жобаның Түркия және бүкіл аймаққа жаңа тыныс болатынын атап көрсеткен Йылмаз «Түркия бұл жобамен стратегиялық тұғырын одан әрі күшейтеді» деді.

Йылмаз сондай-ақ ынтымақтастық үшін «Даму жолы» жобасының маңыздылығына назар аударып, «Қақтығыстар, ұрыс-керіс, ұлтаралық алауыздық немесе секталық дау-дамайлар. Бұлардың ешкімге пайдасы жоқ. Бізге қауіпсіздікте де, экономикада да көбірек ынтымақтастық жасау қажет. Біз мұны істегенде, аймақтық тұрғыдан әлдеқайда басқа бір тұғырға көтерілеміз деп ойлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар