Куртулмуш Украина Парламенті төрағасымен кездесті
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш бас қала Анкарада Украина Парламенті төрағасы Руслан Стефанчукпен кездесті.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Ресей мен Украина арасында жалғасып жатқан соғыстың тезірек аяқталуы керектігін айтты.
Куртулмуш бас қала Анкарада Украина Парламенті төрағасы Руслан Стефанчукпен кездесті.
Кездесуде Куртулмуш үшінші жылына аяқ басқан Ресей-Украина соғысының ауыр шығындары бар екенін білдірді.
Куртулмуш «Түркия ретінде Ресей мен Украина арасындағы соғысты тезірек аяқтау, Украинаның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету арқылы бұл соғысты доғару және түбегейлі бейбітшілік орнату үшін алғашқы сәттен бастап үлкен күш салудамыз» деді.
Куртулмуш ең жақсы жолдың Украинаның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету және аннексияланған Украина жерлерін бастапқы мәртебесіне қайтару екенін айтты.
Стефанчук сөзінде «Қол жеткізген бейбітшілік әділ және тұрақты болуы керек» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Хафан Фидан Ханке Брюинс Слотпен кездесті
Хакан Фидан Голландия Сыртқы істер министрі Ханке Брюинс Слотпен кездесті.
Ердоған Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті.