Түркия Марк Рюттені НАТО Бас хатшысы болуын қолдайды
Президент Ердоған 26 сәуір күні Түркияға келген Голландия премьер-министрі Рюттемен Вахдеттин сарайында оңаша кездесті.
Түркия НАТО-ның жаңа бас хатшысы лауазымына Голландия премьер-министрі Марк Рюттенің кандидатурасын қолдайтынын ұйымның басқа мүшелеріне хабарлады.
Рютте өткен аптада Стамбулда президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, НАТО Бас хатшылығына қолдау көрсетуді сұрағаннан кейін Түркия НАТО мүшелеріне Рюттеге қолдау көрсететінін жеткізді.
Президент Ердоған 26 сәуір күні Түркияға келген Голландия премьер-министрі Рюттемен Вахдеттин сарайында оңаша кездесті.
Марк Рютте ортақ баспасөз мәслихатында НАТО-ның оңтүстік қанатының Түркия мен Түркия басшылығына мұқтаж екенін айтты
Голландияның премьер-министрі Рютте « Түркия шешуші рөл атқаруда. Осыны жасай отырып, Газадағы жағдайды реттеуге күш салуда. Сонымен бірге Украинадағы осы қорқынышты соғысқа қатысты күш салуда» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен сөйлесті
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен телефон арқылы сөйлесті.
Түркияда аза тұту күні жарияланды
Иран Президентінің қазасына байланысты Түркияда аза тұту күні жарияланды.