Түркия және әлем тынысы-147

Меркельдің Түркия зияраты

397774
Түркия және әлем тынысы-147

Германия премьер-министрі Ангела Меркель 18 қазан күні Стамбулға бір күндік іссапармен келді. Меркельдің Президент Ердоған және премьер-министр Давутоғлұмен өткізген кездесулердің мазмұны өте маңызды еді. Кездесуде күн тәртіпте кең көлемді Түркия-Германия қарым-қатынастары, Түркияның Еуропа Одағы мүшелігі және аймақтық тақырыптар қолға алынды. Кездесуден кейін өткізілген ортақ баспасөз мәслихатында лидерлер болымды мәлімдемелер жасады. Жай дипломатиялық бір кездесу емес, жаңа бір процес бастаған немесе қазіргі процестердің ілгерілеуі жөнінде шешімдер жасалғаны аңғарылуда. Кейбір мамандар Меркельдің Стамбул зияратының жаңа бір кезеңге бастама болуы мүмкіндігін пайымдауда. Әрине, күн тәртіптің басты тақырыптары тарихи Түркия-Германия қарым-қатынастары немесе бір ғасырдан астам Түркия-Еуропа Одағының барлық мүшелерінің кең көлемді бір келіссөзі болмаса да күнделікті тақырыптар да осы екі басты тақырыппен тікелей байланысты еді.
Меркельдің Ердоған және Давутоғлұмен кездесулерінде ең басты 4 тақырып бар еді. Бірінші, Түркияның террор шабуылдарына деген тұғыры. Екінші, Түркияның және Еуропа Одағы елдерінің алдындағы босқындарға бағытталған шешім ізденістері. Үшінші, Германия және басқа Еуропа Одағы елдерінің түрік азаматтарына жасалатын виза жеңілдігі. Төртінші, Түркия-Еуропа Одағы мүшелік келіссөздерінің жандандырылуы үшін жаңа қадамдардың басылуы.
Осы туралы Мармара Университеті Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.
Меркельдің Стамбул зияраты Меркельдің дәстүрлі Түркия саясаты тұрғысынан өте маңызды еді. Мысалы, Меркель әрқашан Түркияның Еуропа Одағына толық мүшелігіне қарсы тұрған және осы бағытта әрекет еткен. Түркияның Еуропа Одағы сыртында ұсталуын немесе «ерекше мүшелік» сынды белгісіз бір орында болуын алға тартқан болатын. Осы тұрғыдан алғанда Меркельдің Стамбул зияраты және айтқан кейбір сөздері Меркельдің көзқарасында жұмсау сынды түсінік туылуы мүмкін.
Меркельдің осы маңызды зияраты, күн тәртіптегі тақырыптар және Түркияға деген көзқарасындағы жұмсау бір шындықты паш етуде. Лидерлер қаласа да , қаламаса да Түркия және Германия немесе Түркия және Еуропа Одағы көптеген салада бір-біріне мұқтаж болуда. Осы мұқтаждық түрліше болса да талай ғасырдан бері жалғасқан. Бүгін де жалғасын табуда.
Осы жағдай әсіресе босқындар тақырыбында байқалуда. Сирия дағдарысы және болымсыз нәтижелер тек шекара көршісі Түркияны емес, сонымен қатар Еуропа Одағы елдерін және әсіресе бай мүшелеріне қатты әсер тигізуде. Миллиондаған босқын Түркия қақпаларына және сол жерден Еуропа Одағы елдерінің қақпаларына ұмтылуда. Осы ортақ мәселені Түркия мен Еуропа Одағы бірге шеше алады. Осы ортақ саясат тек Түркияға қаржылай қолдау берумен ғана шектеулі ғана емес. Күн тәртіпте болған виза жеңілдігі және Түркияның қайта қабылдау келісімінің атқарылуымен ғана шектеледі. Әрине осы қадамдар босқындар мәселесі және Түркияның Еуропа Одағына мүшелік мәселелерінің шешілуі жөнінде өте маңызды. Алайда жеткілікті емес. Сонымен қатар Түркияның террорға қарсы күресуде Германия, Еуропа Одағы және Батыс әлемінің қолдау көрсетуі де маңызды.
Осы және басқа көптеген мысал арқылы түсіндірілмекші болған түйін мынадай: Түркиямен Еуропа және Еуропа Одағы арасындағы өзара мұқтаждық жағдайды уақыттық шаралармен басқару мүмкін емес. Мүмкін болғанның өзінде түбегейлі және ықпалды әдіс саналмайды. Әслінде Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастарында байқалған негізгі мәселе толық мүшелік процесінің тұрақты және жүйелі түрде жалғастырылмауы, сондай-ақ жүзеге асырылмауы болып табылады. Түркия-Еуропа Одағы мүшелік процесі он неше жылдан бері бұраң жолдардан өтті. Үнемі бір ілгері, бір кейін процес кешіргендіктен Түркия өзінен көп кейін мүшелікке бастаған елдердің артында қалған еді. Сондықтан Германияның және барлық Еуропаның күнделікті және болашақтағы мәселелерден ықпал көрмеуі үшін Түркияның Еуропа мүшелігінің жүзеге асырылуы шарт. Ондай болса Меркельдің Стамбул зияраты осы бағытта атылған бір қадам ба? Әлбетте емес. Өйткені Меркель осы зияратының өзінде де Түркияға ашылатын жаңа тақырыптар жөнінде айқын қолдау көрсеткен жоқ. Сондықтан Түркияның Еуропа Олағы мүшелік процесінің тездетілуі тақырыбында әлі шын ниетті көре алмады. Оның үстіне Меркельдің басты мақсатының босқындар дағдарысын шешу үшін Түркиядан жедел жәрдем алу екені аңғарылды.
Саяси процестерде тез ілгерілеу және өзгерістер аз болғаны байқалуда. Меркельдің және Меркель сынды басқа Еуропа Одағы лидерлерінің де тез қырқынды түрде Түркияның мүшелігіне қолдау көрсететінін күту әрине бір қиял. Сонымен қатар кейде нақтылы мәселелер және болған жаңалықтар салдарынан жаңа жағдайлар туылуда. Сондықтан лидерлер мен лауазымдар жаңа шарттарға қарай әрекет жасауға мәжбүр болуда. Сирия, Украина, ДАИШ, Ресей операциялары және басқа халықаралық мәселелер алдында қиналған Германия және басқа Еуропа Одағы елдерінің жаңа әрекет ізденістерде болу таңқаларлық емес. Стамбул зияраты осының дәлелі іспетті.


Этикеттер: #Германия , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар