Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасы

Түркия және Еуразия тынысы-30

Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасы

Еуразияның ең маңызды қатынас жобасының бірі болған Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасында сынақ мерзімі басталды. Біз осы бағдарламамызда Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасынан және жобаның аймаққа деген ықпалынан сөз қозғаймыз.

Ататүрік Университеті халықаралық байланыстар бөлімінің оқытушысы Жемил Доғач Ипектің осы тақырыпқа байланысты көзқарастарын ұсынамыз.

Түркия Республикасы Қатынас министрі Ахмет Арслан Әзірбайжан, Грузия және Қазақстан лауазымдармен бірге Баку-Тбилиси-Карс теміржолы арқылы Карстан Грузияға саяхат етті. Жоба аясында алғашқы жолаушы тасымалдау жүзеге асырылды. Баку-Тбилиси-Карс теміржолының халықаралық деңгейдегі  тұңғыш ресми сапары қыркүйек айында басталады.

Бұл дәуір-заттардың, қызметтердің, капиталдардың және адамдардың әлемде тіпті еркін араласатын бір дәуір болап табылады. Сондықтан қолайлы және альтернативті халықаралық қатынас жобаларының дамытылуы сондай-ақ тез қарқында артқан әлем саудасының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін керек нәрсе. Халықаралық нарықтарда артқан бәсеке кезеңінде өндірілген өнімдердің әлем нарықтарына ыңғайлы бағамен дәл кезінде жеткізілуі керек. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі таңдағы экономикаларда тасымалдау секторының өндіріс секторы сияқты маңызды бір үлеске ие екенін айтуға болады.

Баку-Тбилиси-Карс теміржолының жалпы ұзындығы 838,6 км. Баку мен Грузия шекарасы 503 км, Әзірбайжан мен Грузия шекарасы Ахилкелек 230 км, Түркия мен Грузия шекарасы Ахилкелек 29 км, Түркия мен Грузия шекарасы Карс 76,6 км, Әзірбайжанның астанасы Бакуден басталған желіс Грузияның астанасы Тбилисиге барады. Тбилисидің 23 км оңтүстігінен батысқа қарай бағытталған желіс болса Ахикелекке жетеді. Бұл жерден оңтүстікке бет алған желіс Түркияның Карс қаласына барып тіреледі. Желіс алдымен Әзірбайжан-Грузия-Түркия арасындағы тасымалдауда қолданылады. Желіс сонымен қатар Қазақстан мен Түрікменстан және Түркия арасындағы тасымалдау үшін де мықты альтернатива болады. Қытай-Түркия арасында жұмысқа қосылатын пойыздардың да осы жолды қолдануы мүмкін.

Желістің жұмысқа қосылуының бірінші жылында 1 миллион жолаушы және 6,5 миллион тонна жүк, 2034 жылы болса  3 миллион жолаушы және 17 миллион тонна жүк тасымалдайтыны болжанып отыр. Баку-Тбилиси-Карс теміржолының осы аймаққа әрі жұмыспен қамтамасыз етуі, әрі сауданың жандануы тұрғысынан үлкен пайда әкелетіні айқын көрілуде. Баку-Тбилиси-Жейхан және Баку-Тбилиси-Эрзурум жобаларынан кейін үш елдің жүзеге асыратын үшінші үлкен жобасы болған осы жоба үш елдің тарихтан бері жалғасып келе жатқан достықтарын тіпті нығайтады, аймақ халқына тыныштық пен байлық әкеледі. Баку-Тбилиси-Карс теміржолы Мармарай және осы жобалармен жалғасқан басқа теміржолы жобаларының салынуы арқылы Азиядан Еуропаға, Еуропадан Азияға кең көлемді жүктердің маңызды бір бөлімі Түркияда қалады. Осылайша, Түркия ұзақ мерзімде тасымалдауда миллиардтаған доллар кіріс түсіреді.

Баку-Тбилиси-Карс теміржолының бір нысаны да аймақта жаңа бір энергия коридорын құрау. Әзірбайжанның мұнай мен химия өнімдері осы желіс арқылы барша әлемге жеткізіледі. Бұған қосымша ретінде Түркия мен Орталық Азия елдері арасындағы желіс осы желіске қосылады.

Баку-Тбилиси-Карс теміржолы желісі Әзірбайжан-Грузия-Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі күшейтеді. Армения арқылы өтетін және әлі жабық тұрған Карс-Грузия-Тбилиси желісі де керекке жарамайтын болғандықтан Арменияның изоляциясы тіпті де артады. Әзірбайжанның Түркия және Орталық Азия елдері арасындағы қатынаста сөзі өтеді. Транзит жүктер тақырыбында мықты нысандары болған Қазақстаннан өтетін бағыттар көбейеді. Көршілес елдермен теміржолы байланыстарын күшейткісі келген Иранның болса Түркия-Орталық Азия елдері қатынастарында шығындары болады. 

Баку-Тбилиси-Карс теміржолы тек бір теміржол жобасы ғана емес, тарихи Жібек жолын қайтадан жандандыру, аймақ елдерімен экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастарды мығымдау жобасы болып табылады. Баку-Тбилиси-Карс теміржолы Еуропа және Түркия-Грузия-Әзірбайжан арқылы Орталық Азия және Қиыршығыс арасындағы теміржолымен тұрақты жүк және жолаушы тасымалдау жұмыстарын қамтамасыз етеді. Осылайша теміржолы тасымалдау жұмысының әкелетін қауіпсіз және экономикалық  тасымалдау үлгісі Еуразия аймағындағы елдердің сауда көлемінің артуына және баюларына үлес қосады.

Осы жобадан ең көп пайданы Әзірбайжан көреді. Мұнай өнімдері экспортшысы Әзірбайжан мұнай өнімдері импортшысы Түркияға теміржолы арқылы жалғанады. Сонымен қатар Әзірбайжан, Еуропа және басқа аймақтарға Түркиядағы кемежайлар мен теміржолы желістері арқылы жалғанады.

Түркия әрі геосаяси орны, әрі Еуразия елдерімен болған терең тарихи және мәдени байланыстарынан күш ала отырып, аймақ елдерімен ынтымақтастық потенциалын арттыруға тырысады. Ынтымақтастық жобаларының арттырылуы Еуразия аймағының тек аймақтық ынтымақтастық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар аймақтың халықаралық ұйымға ең үйлесімді интеграциясы тұрғысынан да маңызды. Аймақтық экономикалық дамуға үлес қосатын мұндай жобалар аймақ халықтары арасындағы байланысты күшейтіп, аймақтың байлығы мен тұрақтылығы үшін мықты іргетас қалайды. 


Этикеттер: Грузия , Тбилиси , Баку

Ұқсас жаңалықтар