Кипр келіссөздерінен ешқандай бір нәтиже шыққан жоқ

Түркия және Еуразия тынысы-29

Кипр келіссөздерінен ешқандай бір нәтиже шыққан жоқ

Швейцарияның Кран-Монтана қаласында ұйымдастырылған Кипр келіссөздерінен ешқандай бір нәтиже шыққан жоқ. Осы аптадағы бағдарламамызда Кипр келіссөздерін және аймаққа деген ықпалдарын талқылаймыз.

Ататүрік Университеті халықаралық байланыстар бөлімінің мұғалімі Жемил Доғач Ипектің осы тақырыпқа байланысты көзқарастарын ұсынамыз.

Кипр мәселесі--ұзақ уақыттан бері шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі. Жерорта теңізінің ортасындағы  стратегиялық маңызға ие осы арал бір мәселе ретінде қайта-қайта әлем күн тәртібіне келуде. Әслінде таяу уақытта мәселенің шешілуіне аз қалған еді. Мысалы, 2015 жылы Аннан жоспары референдумға салынды. Бірақ бұл процес табыссыз түрде аяқталды. Түрік тарапы Аннан жоспарын мақұлдаса, ал понтилер қабылдамады. Осыған қарамастан Еуропа Одағы понти әкімшілігін жақтады. Оңтүстік Кипрді Еуропа Одағының мүшелігіне қабылдады.

Ең соң Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Кипр арнайы ақылшысы Эспен Барт Эйденің ұйымдастыруымен 28 маусым күні Кипр келіссөздері қайтадан басталды. Өкінішке орай мөлшермен 10 күн жалғасқан келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Кездесулерде жасалған құпия шешімдеріне Түркия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Ұлыбритания толыққанды түрде бойсұнды. Бірақ Грекия мен Оңтүстік Понти әкімшілігі түрік тарапының ұсыныстарына қосымша баптар қосып сырларды баспасөзге ашып тастады. Осылайша түрік тарабын айтақтауға ұмтылды. Сонымен бірге Понти тарапы конференция жалғасып жатқан кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының жасырын құжаттарын БҰҰ және түрік тарапынан бұрын баспасөзге жариялады.

Түрік тарапы психологиялық жақтан үстем болатын. Маңызды талпыныстар жасады. Ұсыныстардың құпиялығын сақтап, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен бөлісті. Медиа арқылы соғысудың орнына БҰҰ-мен ымыраласу стратегиясын ұстанды.

Бұр реткі келіссөздерден бір нәтиже шығатыны жайлы бұқаралық пікір үлкен үміт күткен болатын. Мысалы, Кипр түрік және понти үкіметтері емес, 1960 жылғы құрылу келісімінің кепілгер елдері Түркия, Грекия және Ұлыбритания да талай жылдан кейін бас қосты, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының бақылауында Швейцарияда кездесті. Өкінішке орай осы кездесулерден кейін Оңтүстік Кипр понти әкімшілігінің келісімнен айнуымен жұмыстар босқа кетті.

Кипрде шешімнің ең үлкен тосқауылы Понти әкімшілігінің Түркияның кепілгерліктен бас тартып, аралдағы әскерлерін шегеруімен қатысты талаптарында қасарысып тұруы. Бұл тақырып түрік халқының «қызыл сызығы» болып табылады. Өйткені Кипрдегі тәжірибелер Кипр түріктерінің бар болуының тек Түркияның кепілгерлігі және әскери күшімен ғана жүзеге асыратынын көрсетті. Еске сала кетейік, 1974 жылы Кипрде келісімдерге қайшы түрде Эносис жақтаушылары төңкеріс жасады және түріктер қырғынға ұшырады. Осыған қарамастан басқа кепілгер ел болған Ұлыбритания ешқандай жұмыс істеген жоқ. Енді бір жағынан Еуропа Одағының Босния және Герцоговина, Косово және Украина сынды елдерде болған әскери қақтығыстар мен қырғындарды тоқтату жөніндегі әлсіздігі баршаға аян. Нәсілшілдік көзқарасқа ие понтилердің алдағы уақытта жасайтын жаман әрекеттерін тоса алатын күш Түркияның кепілгерлігі мен Кипрдегі түрік әскерлері. Халықаралық ұйым шындығында Кипрде түбегейлі бір шешім қалайтын болса, онда понтилерді көндіруі керек.

Кипр аралы--Түркияның оңтүстігінде орын алған және Түркияның жағажайларына өте жақын бір арал. Стратегиялық орны, қатынас түйіні және байлықтары тұрғысынан Жерорта теңізінің ең маңызды жерлерінің бірі. Ресейдің Жерорта теңіз талпыныстары артып, барша әлем аймақты стратегиялық бір түйін ретінде қабылдаған кезде Түркияның Кипрде кері қадам басуы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда Түркияның Лондон және Цюрих келісімдерінен кері қадам басуының мағынасы да жоқ.

Қазіргі жағдайға қарағанда Кипр мәселесін шешу мүмкіндіктері негізінен қалмады. Барлық актерлердің жаңа мақсаттарға байланысты жаңа бір ізденіске өтулері керек еді деп тұр.

Қорыта айтқанда екі аймақтық, екі қауымдық, екі құрушы мемлекет тең болатын және саяси теңдіктерге негізделген, сондай-ақ түрік әскерлері міндет атқарған, Түркияның кепілгерлігі жалғасқан және ауыспалы кезекті төрағалық жүйесі болған бір келіссөз жасалмаса, онда қинаудың қажеті жоқ. Осы түйінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасының бір жақты танылуы үшін қажетті қадамдардың басылуы тіпті пайдалы болуы мүмкін. Келіссөздердің нәтижесіз аяқталуы ақырзаман емес, түріктер Кипрде абыройлы бір қауым ретінде тіршіліктің жолдарын табады және табысқа қол жеткізеді. 



Ұқсас жаңалықтар