ДАИШ-пен күресте діннің ролі

Проф. Рамазан Гөзеннің анализі

327173
ДАИШ-пен күресте діннің ролі

Түркияның ДАИШ террор ұйымымен күресі соңғы апталарда артты және кең тарады. ДАИШ-ті 2013 жылдың қазан айында террор ұйымы ретінде жариялаған Түркияның саясаты Сириядағы оқиғаларға байланысты жүзеге асты. 20 шілде күнгі Суруч шабуылы бетбұрыс болды. Түркия АҚШ-пен келісім аясында ДАИШ бекіністері мен террористтеріне әуеден бомба жаудыра бастады, сонымен бірге ДАИШ мүшелерін тұтқынға алды. Алайда Түркияның ДАИШ террорымен күрес тек әскери және қауіпсіздік шараларымен шектеулі емес.
Теориялық жағынан қарағанда, ДАИШ-пен күрестің тек қауіпсіздік шарасымен табысты болуы мүмкін емес. Сонымен бірге ДАИШ пікірінің жойылуы керек. ДАИШ-тің негізгі қаупі Ислам дінін қолданып, адамдарға, әсіресе жастарға жүргізген үгіт-насихаты. Осы үгіт-насихаттың бұрыстығын көрсетпегенше террор ұйымына жастардың қосылуының алды алынбайды. Ұйымға адам алынуының алды алынбайынша әскери қауіпсіздік шаралары түбегейлі нәтиже келтірмейді.
Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасы оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.
**
"Түркия ДАИШ-пен күрес мақсатымен көптеген қадам басты. Дін істері басқармасы дайындаған бір рапортта ДАИШ-ке қарсы күресте діни құралдардың, әдістер мен пікірлердің іске асырылуы тақырыбында бір жол картасы қабылданды. Осыған қарағанда, премьер-министрлік ДАИШ-тің діни үгіт-насихатының ықпалсыз болуы үшін Түркия көлемінде істерін арттырады. Мешіттерде, курстарда, басқа да мекемелерде және медиада ДАИШ қолданған діни ұғымдар мен ойлардың қате екендері айғақталады. Халық және жастардың осы тақырыпта дұрыс мәлімет алуы үшін жұмыс жүргізіледі.
Осы аяда шоғырланатын негізгі тақырыптар мен үндеулер мыналар: жихад өлтіру деген мағынаға келмейді. Салафи дін түсінігінің символдарға қарсы жауыздығы, дұшпандығы қате. Адам өлтірушілік жұмаққа апармайды. Мәзхап және наным айырмашылықтары қалған нанымдардың діннен шығуы деген мағынаға да келмейді. Басқа діннің адамдарының өлтірілуі терроризм деп есептеледі. Сондықтан бұлардың ешқайсысы Ислам түсінігіне жатпайды.
Рапортта атап көрсетілген басқа бір маңызды жайт та ДАИШ-тің істерінің тек құрбандарына ғана емес, бүкіл мұсылман әлемі мен Исламға да зиян келтіргені, соққы енгізгені. Рапортта сонымен бірге Ислам әлемінің даналары мен елдеріне ДАИШ-пен күресте ынтымақтастыққа шақыру да орын алды. Себебі ДАИШ-тің кең тарауының себебі кейбір Ислам елдеріндегі қате діни түсініктері мен білім беру, кейбір елдер арасындағы келісім кемшілігі болып табылады.
Әрине, ДАИШ-тің ортаға шығуында Ислам елдерінде және Таяу Шығыстағы саяси және әскери проблемалардың көп әсері болды. Осы саяси проблемалар ДАИШ және Әл Кайда сынды террор ұйымдары тарапынан нашар қолданылды. Әсіресе Ирак және Сирия секілді елдердегі жағдайдың ықпалы көп. Халықаралық қате саясаттардың ДАИШ секілді ұйымдардың қалыптасуына іргетас қалағаны да өте анық. Алайда қай саяси немесе халықаралық мәселе болса да, Исламның ұлы құндылықтарының осы проблемалар үшін қолданылуына кедергі бола білу керек. Қатысты елдер мен басқарушылар арасында ынтымақтастық болуы тиісті.
Осы мәселеге қатысты актерлер арасында маңыздылардың бірі батыс елдеріндегі діни және саяси органдар мен тұлғалар болып табылады. ДАИШ-тің мүшелерінің көбінің Еуропа елдерінен және АҚШ-тан келгені белгілі. Егер ДАИШ пен доктрина тұрғысынан күрес жүргізілетін болса, батыстық елдердегі мешіт, курс секілді діни мекемелердің және бұларға көз жұмып отырған, бәлкім қолдау беріп отырған саяси органдарға да кедергі болу керек.
Осы аяда маңызды бір проблема батыс елдерінде кездесетін Ислам дініне және мұсылман жастарға бағытталған білім беру мәселелері мен исламофобиялық қайшылықтар. Осы тұрғыда мына сұрақты жиі қолдану керек: батыс елдерінде өмір сүретін және батыстың жоғары деңгейдегі білім ордаларында білім алған мұсылман жастар неге және қалай ДАИШ-ке қосылатын жағдайға келеді? ДАИШ-ке қосылған мұсылман жастардың проблемаларының өзегінде батыстық білім берудің ролі қандай? Батыс елдерінің білім бағдарламалары мұсылман жастардың тәрбиесінде жеткілікті ме? Әлде проблема осы білімнен жеткілікті түрде пайдалана алмаған мұсылман отбасылар, жастар және қоғамдар ма? Осы проблемалар қалай шешіледі және осылайша ДАИШ сынды террор ұйымдарына жастардың қосылуының қалай алдын алуға болады?
Осы сұрақтар тек мұсылман елдер мен батыс елдер үшін емес, сонымен бірге жаһандық жүйе мен қоғам үшін де өтімді. ДАИШ негізінде жаһандық проблема. Сондықтан әлем Исламды дұрыс түсінуі керек. Дұрыс білім алған бір мұсылманның ДАИШ сынды ұйымдарға қосылмайтынын түсіндіру керек. Сонымен қатар әсіресе батыс әлемі мен аймақтық және жаһандық одақтастар Ислам әлемі мен Таяу Шығыс елдеріне бағытталған қате саясаттарын қайта қарауы тиіс. Сонда ғана ДАИШ-ке қолдану үшін материал болмайды. Ең бастысы Сирия мен Ирак сынды елдерде соғысқа жол ашқан ішкі және сыртқы мәселелерге түбегейлі шешім табу қажет"


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар