Түркия және әлем тынысы-133

Ислам дінінде игілік түсінігі маңызды

345147
Түркия және әлем тынысы-133

1 жарым миллиардтан астам мұсылман қасиетті Рамазан айы бойынша жасаған діни ғибадаттарын айдың аяғында үш күндік мерекемен тойлайды. Рамазан мерекесі әлеуметтік өмірде адамдар арасындағы достықтың арттырылуы, ренжіскендердің татуласуы, кедей-кепшік, жетім-жесір және қиыншылықтары болған адамдардың қуанышқа бөленуі сынды көптеген игіліктерді қамтуда. Қысқаша айтқанда Исламның негізі болған Құран Кәрім принциптері мен Әзірет Пайғамбардың хадистері мен сүннеттері аясында адамдардың бақытты болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы алғанда адам баласының бақытты болу тақырыбы дау-дамай болумен қатар Ислам түсінігі бойынша бақыт: жақсы іс істеу, отбасының, маңындағылардың, мемлекетінің, мұсылмандардың және барлық адам баласының тура болуын жүзеге асыру.
Түркия дін істері басқармасы да биылғы тақырыбын «Жақсылық істеу» деп белгілеген. Осы туралы жұмыс істеген және жұмыс істеу жөнінде ынталандырған. Осы жердегі басты мақсат адамдардың барлық өмірін болымды және тура жұмыс істей отырып ретке салуы, сондай-ақ бұны қалыптастыруы. Ислам тұрғысынан алғанда осының жолы Құран Кәрімде бұйырылған бұйрықтар мен тыйымдарды Әзірет Пайғамбардың үлгілері арқылы практикада жүзеге асыру болып саналады.
Енді сіздерге Мармара Университеті Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.

Бұл жерде айтылуға тиісті түйін-игілік жасау түсінігі. Бұны былай қорытындылауға болады. Алдымен игілік жасау түсінігі барлық адамдардың түсінгеніндей бірқатар жұмыс және әрекеттерді қамтиды. Бұлар позитив және негатив әрекет ретінде байқалуы мүмкін. Позитив әрекет- өзі, басқа адам және адам баласы үшін пайдалы жұмыстар. Өзін кемелдендіру, басқа адамдарға көмектесу, ынтымақтастық жасау, көршілермен шығысу, оқыту мен үйрену, өзара пікір алмасу, адам баласының мүддесі үшін жұмыстар істеу сынды мысалдарды айтуға болады. Осыған қарата негатив әрекеттер-өзі, басқа адам және адам баласы үшін зиянды жұмыстар істемеу. Өзіне зиян тигізбеу, басқа адамдарды мазасыз етпеу, өлтірмеу және барша адам баласын зақымдайтын жұмыстардан аулақ тұру сынды көптеген мысалдарды тілге тиек етуге болады.
Осы позитив және негатив игілік жұмыстарды жасаудың өзі адамдардың бақыттылығын арттыруда маңызды бір қадам болып табылады. Адамдардың басты әлсіздігінің бірі және бақытсыздыққа итермелеген себептердің бірі де игілік жасамау. Ислам дінінің негізгі мақсатының бірі де қалай игілік жасауды ортаға қоюы болып табылады. Басқа бір сөзбен айтқанда Ислам барша адам қабылдаған игілік жұмыстар үшін өзіне тән үлгі, механизм, жол, әдіс және бағыттар ұсынған. Мысалы, Рамазан айында жасалған барлық ғибадаттардың мақсаты осы туралы түсініктерді күшейтуде. Әрине, тек Рамазан айында ғана емес, адамның өмірі бойынша жасалуға тиісті жұмыстар үшін де осы күшіне ие.
Алайда игілік түсінігінің нақтылы орындалуы жөнінде дау-дамай бар. Бәлки де игілік жұмыстарын атқаруда табыссыз болудың себебі осында шығар. Не болмаса игілік жұмыстарының тамамдалуы немесе осы үшін қажетті механизмдердің құрылу мәселесі болар. Мысалы, оқыту мен үйрену және селбесудің нақтылы түрлері қалай болады? Байлардың кедейлерге ақшалай жәрдем ретінде садақа немесе зекет беруі , мұғалімнің өз мектебіндегі оқушыларына сабақ беруі, зілзаладан кейін селбесу сынды мысалдар игілік үшін жеткілікті бола ма? Негатив игілік тұрғысынан бір жұмыс немесе пайда үшін бәсекелесін жығу, тіпті адам өлтіру, басқасының бақшасынан рұқсатсыз жеміс жеу сынды әрекеттер қалай түсіндіріледі?
Игілік жасауды тіпті қиындастырған себеп халықаралық байланыс саласы. Игілік жасау бір топ адам немесе бір ұлт ішінде ғана шектеулі ме? Әлде барлық адам баласын қамти ма? Енді екі маңызды түйінге тоқталайық. Біріншісі, халықаралық бір соғыста адамдардың бір-бірлерін өлтіруі қандай шарттарда заңды немесе заңсыз? Осы жөнінде қазіргі жаһандық принциптердің өзі бүгінгі әлемде әрқашан атқара алмағанын көруге болады.
Екінші түйін, мысалы Исламның «Көршісі аш болғанда тоқ жатқан Мұсылман емес» деген әмір бойынша көршілер кімдер? Яғни тек өз маңындағы көршілермен ғана шектеулі ме? Осы сезгірлік тек мұсылмандар үшін емес, дамыған және аз дамыған елдер арасындағы қарым-қатынастарды қамти ма? Бай болған Еуропа Одағы мен АҚШ сынды елдердің және азаматтарының талай жылдан бері бодандық астына алған Африка, Латын Америка және Азиядағы кедейлерді көзге ілмеуі де игілік түсінігімен байланысты.
Осы жауапкершіліктерден және дау-дамайлардан ат тонын ала қашу мүмкін емес. Алайда осыны атқарған кезде бұдан бұрын жасалған және табысты болған Исламның немесе басқа дін және мәдениеттердің игілік үлгілерінен пайдаланған жөн. Мысалы осындай жұмыстарды және зерттеулерді жасаудың игілік істеу әрекеті ішінде болатыны сөзсіз.



Ұқсас жаңалықтар