Иранның 5+1 елдерімен бітімі

Әлемдік державалар мен Иран атомдық бағдарлама дағдарысының бейбіт жолмен шешілуі үшін Алғы бітімге келді.

233067
Иранның 5+1 елдерімен бітімі

Шамамен он жылдан бері 5+1 елдері мен Иран арасында жалғасып келген Иранның атомдық бағдарламасы жөніндегі келіссөзде маңызды саты басталды. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германиядан қалыптасқан әлемдік державалар мен Иран проблеманың бейбіт жолмен шешілуі үшін Алғы бітімге келді. Бітімге 31 маусым күні соңғы қалпы беріледі. Бұл келісім тараптардың маңызды сатыға келгенін көрсетеді. Бітім туралы нақты үкім беру үшін әлі ерте болса да, осы алғы келісімнің стратегиялық мәні бар деуге болады. Он жылдан бері көптеген мәрте кешіктірілген, тіпті сәтсіздікпен аяқталған осы үдерістегі осы жағдайға жеңіл қарамау керек. Келісімнің негізгі маңызы отыз алты жылдан бері бір-біріне жау болып келген АҚШ пен Иранның бітімге келуінде жатыр. Негізінде атомдық бітімге тарихи мән берген нәрсе келісімнің мазмұны секілді осы екі елдің қатынастары.
Сондықтан Алғы бітімді екі өреде қолға алу керек. Біріншісі, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік тұрғысынан атомдық келісімнің жасалуы. Екіншісі, Иранның АҚШ және әлем қоғамымен қатынастарда назар аударарлық жетістігі. Осы екі жайтты қысқаша былай талқылап өтуге болады.
Мәрмәр Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасы оқытушысы Профессор Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.
**
Бітімнің мазмұнына қарайтын болсақ, тараптардың өте маңызды шегіністерге мойын сұнып, келісімге келгенін көруге болады. Келісім негізінде едәуір техникалық мамандық қажет етеді. Сонымен бірге саяси ұстанымды да көрсетеді. Алғы бітімге қарағанда, Иран көптеген жылдан бері маңызды деп айтылып келген атомдық бағдарламасынан кері қадам басты. Иран ядролық центрифугаларын үштен екі мөлшерінде азайтады. Уранды байыту мөлшерін 3,67 пайыз деңгейінде ұстайды. Қазірге дейін байытылған уран мөлшерін он мың келіден үш жүз келіге қысқартады. Фордо реакторында уран байыптайды. Бұлардың барлығын он бес жыл бойынша орындайды. Басқа да техникалық егжей-тегжейлері бар келісім Иранның келіссөз үдерісінде адам таңғаларлық шегініс жасағанын көрсетеді.
Осыларға қарымжы ретінде Иранға жүргізіліп келген санкциялар жойылады. Еуроодақ елдері түбегейлі келісім жүзеге асқан мезеттен бастап, АҚШ болса жүзеге асқаны нақтыланғаннан кейін эмбарголарды тоқтатады. Әрине, осыншама радикал келісімнің ең маңызды мәселесі сенім мәселесі болмақ. Бұны да Халықаралық атом энергиясы агенттігі жіті бақылап, бекітеді.

Қорыта айтқанда, елдер ұстанымдарын өзгерткен. Ең маңыздысы АҚШ бастаған батыстық елдердің Иранмен саяси келісімге келуі. АҚШ пен Иран 1979 жылдан бері бір-біріне жау болып келгені соншалықты, Иран АҚШ-ты үлкен шайтан, АҚШ та Иранды террорист немесе терроризмге қолдау берген ел ретінде атады. Осы атауларда екі жақтың да беделді тұлғалары орын алды. АҚШ жағында Израиль мен еврей лобиясының, Иран жағында болса радикал молдалардың осындай келісімді қабылдаулары адам сенгісіз нәрсе болатын. Тіпті олар келісімге қарсы шығуды әлі де жалғастыруда. Сондықтан түбегейлі келісімді көргенге дейін бітімге абайлап қарау керек.
Осыншама қарсы шығушылар болғанына қарамастан, осы келісімнің атқарылуының себептерін қолға алу керек. АҚШ пен Иранның неге келіскенін қолға алу келісімнің болашағы жөнінде пікір береді. Алдымен АҚШ пен халықаралық қоғамның Иранмен келісімге келуінің маңызды себебі бар. Халықаралық қоғам мен батыстық елдер Иранмен қақтығысуды жалғастырған сайын Иранның төңірегідегі ықпалын арттыра түсетінін көрді. АҚШ саясаттары Ирандағы жүйені өзгерте алмады, сондай-ақ керісінше Иранның аймақтағы болмысын нығайта түсті. Иранның ықпалы Ирактан асып, Ливан, Сирия және Йеменге жетті. Әрине, бұны Иран жалғыз өзі емес, Ресей және Қытайдың да қолдауын алу арқылы жүзеге асырды. Сондықтан Иран Ресей мен Қытайдың ықпалында. АҚШ осы келісім арқылы әрі Иранды өзіне қарай тартуға, әрі Ресей мен Қытайды аймақтан аулақтатуға тырысуда. Осының нәтижесінде АҚШ-тың Иран экономикасы, энергия көздері және геосаясатында ықпалды болуы мүмкін.
Сонымен бірге Иран қанша жылдан бергі ауыр эмбарголардан шаршады. Эмбарголар Иранның тек экономикасына ғана емес, ең маңыздысы халықаралық тұғырына үлкен соққы енгізді. Дамыған елдермен сауда жасай алмаған Иранның экономикасы мен қоғамдық тұрақтылығын жалғастыруы қымбатқа түсті. Міне, сондықтан Иранның да АҚШ және батыспен қатынастарын қалпына келтіруді жоспарлауын түсінуге болады. Иран халқының осы жайтты тойлап құттықтауы да келісімді әлемге ашылу мүмкіндігі деп қабылдағанын көрсетеді.
Қорытындыда, егер келісім табыспен жүзеге асырылса тек тараптар үшін ғана емес, Түркия, бүкіл Таяу Шығыс және әлем саясаты үшін тарихи нәтиже беруі мүмкін. Осы нәтижелер де жеке қолға алынуы керек. Осылардың арасында жедел шешім күтіп тұрғаны аймақтық басқа дағдарыстарға, әсіресе Сирия азаматтық соғысына да шешім табу.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар