Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар

Профессор Рамазан Гөзеннің анализі

224871
Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар

Таяу Шығыс 25 наурыз күні соңғы кездегі ең маңызды және ерекше оқиғалардың біріне куә болды. Сауд Арабия әуе күштерінің жүз ұшағы Йеменнің бас қаласы Сананы бомбалай бастады. Әлі де жалғасып жатқан және қанша жалғасатыны жарияланбаған операцияларға халықаралық қоғамнан да қолдау келді. Бахрейн, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Марокко, Судан, Иордания, Мысыр сынды сегіз елден әскери, АҚШ, Түркия, Пәкістан, Ұлыбритания, Франция, Ливия, Мавритания сынды сегіз елден де саяси қолдау жарияланды. Елдердің топтасуына қарағанда ақ осы операцияның бірден көп себебі бар екені көрінеді.
Ресми немесе бірінші себебі Йемендегі тұрақсыздықтан пайдаланып, елге тарауға және бақылау жүргізуге тырысқан хоуситтердің тоқтатылуы. Шиіттіктің бір саласы Зейдилікке қарайтын хоуситтер Сеит Садреттин Хоуси тарапынан 2004 оппозициялық қозғалыс ретінде құрылған болатын. 2011 жылы бас қала Санаға жетті, 2914 жылдың ақпан айында президент Мансур Хадиді айдауға жіберіп, парламентті қолға түсірді. Маңыздысы хоуситтер Иранмен жақындасып, қолдауын алды. Осы оқиға Сауд Арабиясы мен басқа да сүнни елдерге жағымсыз әсер етті. Сауд королдығы операцияның хоуситтерге қолдау берген Иранға қарсы екенін ресми түрде жариялады, қолдаушы елдер де мұны мақұлдады.
Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, профессор Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.

Алайда бұл операцияны осы жақтан түсіну немесе түсіндіру жеткілікті болмайды. Бұдан басқа үш макро себебі бар. Біріншісі операцияға берілген халықаралық қолдаудың негізгі себебі әлем мүнай қауіпсіздігінің қамдалуы мәселесі. Хоуситтер бақылауға алуға тырысқан аймақ - Баб әл Мандеб бұғазы. Әлемдік мұнай тасымалының шамамен отыз пайызы осы жерден игерілуде. Баб әл Мандеб бұғазы 19-20 ғасырларда болғаны секілді бүгін де ең стратегиялық өңірлердің бірі. Иранның ықпалындағы хоуситтердің осы бұғазды бақылауға алуы Ормуз бұғазы да ескерілсе, әлем мұнай тасымалының Иранның ықпалына кіруі нәтижесіне әкеп соғуы мүмкін. Бұған мұнай өндірушілердің ең ірісі Сауд Арабиясы мен шығанақтағы басқа елдер немесе батыс елдері қарап қала алмайды. Сондықтан Йемен операциясының халықаралық құқық тұрғысынан кейбір емшілігі болса да осыншама мықты қолдау алуы таңғалдырмайды.
Екіншісі операция Таяу Шығыс аймағының тұрақтылығы және болашағына байланысты проблема. Таяу Шығыста бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстардан кейін құрылған бір тәртіп, жүйе бар. Араб көктемінде осы тәртіптің өзгеруі бағытында үдеріс басталған еді. Алайда осы өзгеріс үдерісі алдымен Ливияда, бірақ әсіресе Сирияда тұрақсыздыққа жол ашты. Осы тұрақсыздық аймақтағы корольдықтар мен жүйелерге жағымсыз әсер етеді. Мұның бір себебі де Иранға жылы қарайтын шиіт топтардың белсенді күйге келуі. Сүнни басқарушылар отырған елдердің барлығында шиіт азаматтар бар. Егер осы топтар да хоуситтер сынды көтеріліп, Иранның қолдауын алса, аймақта үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Йемен операциясы осы ықтималды тоқтату үшін алғашқы қадам деп саналады.
Үшіншісі операция бір мезгілден бері бар шиіт блоктың белсенді болғанын көрсетеді. Қайтыс болған Король Абдуллахтың орнына келген Король Салман жақында аймақ елдерімен ауқымды жиналыс өткізді. Сүнни блоктың мәлімдемесін жариялады. Мәлімдемеге қарағанда, қауіп төндірген Иран шиіттеріне қарсы сүнни блок қалыптастырмақшы. Йемен операциясы осы қозғалыстың бір көрсеткіші болып табылады деп айтуға болады.
Йемен операциясынан кейінгі оқиғалар осы блоктың қарулы күшке айнала бастағанын көрсетеді. Араб Одағы елдері операциядан кейін Мысырдағы жиналыста араб армиясын қалыптастыру шешімін қабылдады. Осы армияның қалыптастырылып қалыптастырылмайтыны басқа бір тақырып, шешімнің өзі Таяу Шығыс аймағында бөліну басталғанын көрсетеді. Бір жақта Иран басшылығында шиіт мемлекеттер мен халықтар блогы, бір жақта Сауд Арабиясы басшылығында сүнни блок.
Осы бөлінудің қарсы теңгерім қалыптастыру және тараудың алдын алу тұрғысынан пайдасы болса да, мықты қауіптерінің бар екенін елемей кетуге болмайды. Егер бақылауға алынбайтын үдеріс басталып кетсе, екі қатерлі жайтты болжауға болады, біріншісі аймақтағы шиіт және сүнни бөлінуі нәтижесінде ішкі соғыстардың басталуы және жүйелердің тұрақсыздануы. Қазір жалғасып жатқан Ливия, Сирия, Ирак және Йемендегі ішкі дағдарыс басқа елдерге де тарауы мүмкін. Екінші қатер екі блок арасында ірі аймақтық соғыстың шығуы. Айтылуы да қорқынышты осы соғыстың қаншалықты қиратушы болатынын түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Бүгін өткеніне жүз жыл толып отырған Бірінші дүниежүзілік соғыс сабақ алу үшін жеткілікті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі себебінің осыған ұқсас бөліне екені дәлелденген ғылыми шындық болып табылады.
Қорытындыда осы қатерлердің бірі де орындалса, Йемен операциясы және одан кейінгі оқиғалар Таяу Шығыстың өте қауіпті кезеңде екенін көрсетеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар