Түркия және әлем тынысы-116

Бірінші Дүниежүзілік Соғысы туралы.

275099
Түркия және әлем тынысы-116

Бірінші Дүниежүзілік Соғысы туралы мыңдаған кітап пен мақала жарияланғанымен соғыстың қысқаша мазмұнын қорытындылау өте қиын. Алайда 100 жылдық перспективаға қарағанда осы соғыстың адам баласы және әлем тарихы тұрғысынан маңызды түйінін көруге болады. Қысқаша айтқанда соғыстар Келісім жасасқан елдер (Франция, Ұлыбритания, Ресей-АҚШ) мен Одақтас елдер (Германия, Австрия- Венгрия, Османлы Империясы, Болгария) арасында өтті. Соғыс келісім жасасқан елдердің жеңісімен аяқталды. Соғыс барша әлемге әсерін тигізгенімен көбіне жеңіске жеткендер және жеңіліске ұшырағандармен тікелей байланысты болды. Зияны өте үлкен. Жеңіске қол жеткізгендер соғыстан кейін жаңа бір әлем жүйесін құруға талпынса, жеңіліске ұшырағандар осы жүйеден соққы көрді.
Сыр жапсары көп және жүйелі болған осы соғыстың үш маңызды жағының жарыққа шаққанын айтуға болады.

Біріншісі; Бірінші Дүниежүзілік Соғысы классикалық империалист саясаттар кезеңінің шыңы болып табылады. 19-шы ғасырда күшейген Еуропа ұлттық мемлекеттері әлемнің ең үлкен бөлімі империалист жүйелерін қабылдаған соң 20-шы ғасырда бір-бірлерімен соғысу деңгейіне келді. Алайда бұл соғыс тек империалист елдермен ғана шектелген жоқ. Маңындағы елдерді де ішіне қосты. Османлы Империясы осылардың ең маңыздысы.
Екіншісі;соғыс классикалық императорлық дәуірін аяқтатқан, сондай-ақ орнына тегі 17-ші ғасырға тірелген ұлттық мемлекет үлгісін таратқан. Осы мерзімнен ең көп болымсыз ықпал көргендер-Османлы мен Австрия-Венгрия империялары. Әсіресе, Османлы империясы құрамындағы елдер мен халықтар жеңіске қол жеткізген елдердің империалист мүддесіне қарай қалыптастырылды. Бұның ең айқын дәлелдері бүгін Орташығыс аймағындағы мемлекеттердің қалыптасуында байқалуда. Месопотамиядан Солтүстік Африкаға, Орталық Азиядан Балканға дейін созылған аймақтың геосаяси жағдайы Бірінші Дүниежүзілік Соғыстың жемісі болып саналады.

Алайда империалисттердің толыққанды түрде табысты болғанын айту қиын. Бірінші Дүниежүзілік Соғыстың үшінші ерекшелігі де осы. Бірінші Дүниежүзілік Соғысы барлық жоспарын жүзеге асыра алмады. Осы тұрғыдан алғанда ең маңызды тарихи мысал Түркия территориясында құруды жоспарлаған армян, күрд және грек мемлекеттері жобасының жүзеге асырылмауы. Османлыдан кейін түрік халқы империализмге қарсы табанды бір күрес жүргізді. Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығындағы Азаттық Соғысы дипломатиялық және әскери әдістермен армян, күрд және грек жоспарларын күл талқанын шығарды. Ең маңыздысы Республиканы құрды. Осы аяда соғыстың және тіпті әлем тарихының тағдырын белгілеген 1915 Дарданел Соғысын да атап өткенді жөн көреміз.
Мармара Университеті Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің анализін ұсынамыз.

Соғыстың үш маңызды түйінінен бүгін қорытындылайтын сабақтар бар. Біріншісі; әсіресе Ирак, Сирия, Палестина және жалпы Орташығыс аймағында 20-шы ғасыр бойынша туылған оқиғалар. Бірінші Дүниежүзілік Соғысы нәтижелерінің қаншама жаман екенін дәлелдеуде. Соғыстан кейін империалисттер сызған шекаралардың қаншама жасанды екені, сондай-ақ Сирия мен Иракта болған ИШИМ оқиғасынан айқын түрде байқалуда. Бүгінгі оқиғалар Бірінші Дүниежүзілік Соғыстың әлі бітпегенін көрсетуде. 100 жылдық бір аймақ соғысының басқаша түрде осы таңда жарыққа шыққанын байқаймыз.
Алайда бүгінгі шарт жағдай 100 жылдан бұрынғымен салыстырғанда басқаша. Бүгінгі соғыстарда шетелдік империалист мемлекеттермен қатар Орташығыстың күшті актерлері де үлкен рөл ойнауда. Бұл жағдайға болымды бір жаңалық ретінде қарауға болады. Аймақтың күшті елдері аймақ саясатында алдыңғы қатарда орын иелеуде. Осы жағдай сонымен қатар болымсыздық әкеліп, аймақ елдерінде қақтығыстар шығуда. Тіпті осы соғыстың елдер арасы мәзхеб немесе этникалық соғысқа айналу қаупі бар. ИШИМ мен Хизбуллах сынды ұйымдардың Сириядағы қақтығыс үлкен бір соғыстың бастамасы ықтималын бейнелеуде. Осы қақтығыстардың аймақ халықтарының пайдасы үшін емес екені шайдай ашық. Тек 25 жылдық Ирак және 5 жылдық Сирия соғыстары және 100 жылдық Палестина мәселесін еске алғанның өзінде аймақтың қаншама қиын жағдайда болғаны белгілі.
Кейбір мамандар Бірінші Дүниежүзілік Соғысын атақты Шығыс мәселесін және барлық соғысты бітірген бір соғыс ретінде қарап келген. Бірақ бүгін осы көзқарастардың ұтымды күшке ие емес екені көрілуде. Мысалы Шығыс мәселесі, яғни Османлы Орташығыс мәселесі шешілмеді. Бұл мәселе осы күнге дейін жалғасып келе жатыр. Өйткені 20-шы ғасыр бойынша Екінші Дүниежүзілік Соғысынан басқа жүздеген соғыс болған.

Бірінші Дүниежүзілік Соғысы нәтижелері мен мыңдаған жылдық соғыс тарихы соғыстардың ешқандай мәселені шеше алмайтынын дәлелдеуде. Мысалы Carl von Clausewitzдің «Соғыс туралы» кітабында жазылғандай соғыстар саясаттың құралдары іспетті. Әслінде мәселелерді саясат және саясатшылар шешеді, соғыстар бір құрал. Керісінше соғыстар күшті елдердің қару өнеркәсібін өркендетеді. Соғыстағы әлсіз қауымдар бөлшектенеді және кедейлікке душар болады. Жеткілікті күші болмаған елдердің соғысқа қатысуы өз ел үшін құмар оймағанымен тең. Тарихта бұның мысалы өте көп. Құмар ойнағандардың көбі ұтылады.



Ұқсас жаңалықтар