Түркия және әлем тынысы-114

Сирия ішкі соғысы жалғасқан кезде халықаралық шешім талпыныстары да жалғасуда.

251263
Түркия және әлем тынысы-114

Бесінші жылын толтырған Сирия ішкі соғысы жалғасқан кезде халықаралық шешім талпыныстары да жалғасуда. АҚШ жартылай қолдау көрсеткен және Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілі Стаффан де Мистура да орын алған кездесу процесі күн тәртіпке келді. Сирия оппозиционерлерінің кейбір өкілдері және Асад әкімшілігі өкілдері қатысқан Мәскеу кездесуінен нақтылы бір нәтиже шыққан жоқ. Мистураның Дамасктағы ізденістерінен қандай қорытынды шығатыны әлі белгілі емес. Осы процестен үшінші Женева жиналысының өткізілуі жөнінде шешім жасалуы күтілуде.
Бұдан бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы арнайы өкілдерінің екі мәрте Женева жиналысы болып өткен еді. Алайда Кофи Аннан кезеңіндегі 1-ші Женева және Брахими кезеңіндегі 2-ші Женева жиналыстарында жасалған шешімдер жүзеге асырылмады. Осы талпыныстардың табыссыз болуының басты себебі Сирияда ішкі соғыстың аяқталуы үшін Асад және әкімшілігінің кетуі жөніндегі дау-дамай болып табылады. АҚШ, Еуропа Одағы, Сауд Арабиясы, Катар, Түркия және оппозиционерлер Асадтың кетуін алғы шарт ретінде алға қойса, Ресей, Иран және Асад әкімшілігі, Асадтың билік басында болуын қолдауда. Әслінде Сирия ішкі соғысы осы келіспеушіліктен туындады.
Мармара университеті саясаттану және халықаралық байланыстар кафедрасы мұғалімі, профессор Рамазан Гөзеннің осы тақырыпқа байланысты көзқарастарын ұсынамыз.

Сирия мәселесі тек Асад мәселесі емес, сонымен қатар Баас режимінің зұлматы мен сыртқы саясатындағы одақтастарымен байланысты. Алайда басты түйіннің Асадтың билік мәселесі екені айдай ашық. Сонымен бірге осы жүйенің іргетасының Асад және диктаторлық жүйе екенін де ұмытпаған жөн. Сирия мемлекеті деген сөз Асад пен әкімшілігі дегендікті білдіреді. Бұл жағдай Орташығыста және көптеген елде де бар. Азаматтардың мемлекеттерін бір адам және идеологиясымен тең көрген елдер бар. Дұрыс болмаса да таң қаларлық бір жағдай емес. Мысалы Орташығыста жалпы мемлекет бойынша осындай куәліктер негізінде құрылған. Орта ғасыр Еуропада королдық және феодалдық дәуірде пайда болған осы үлгі қазіргі таңда аз дамыған диктаторлық елдерде байқалуда. Сирия осылардың бірі болып табылады.
Бұдан да жаманы осы диктатор мемлекет үлгісі халыққа қысым жасауда. Азаматтарының куәліктеріне, еркіндіктеріне және әрекеттеріне шектеме жасауда. Егер азаматтар осы шектемелерге бойсұнбаса, жазаландыруда. Егер азаматтар наразылық көрсетсе, онда қырғын жасауда. Диктатор елдерде мемлекеттерінде жай халыққа қырғын жасау потенциалы өкінішке орай кең қанат жаюда. Одан арғысы Сирия мысалында болғандай осы потенциаль кейде ішкі соғысқа дейін өрбуде.
Әрине, барлық диктатор мемлекет үлгілері мен биліктері қатал сынға тартылуы керек. Ең бастысы тоқтатылуы шарт. Негізгі адам құқықтары мен еркіндіктерінің дамытылуы үшін диктаторларға қарсы күрес жүргізу керек. Жаһандық адам құқықтарына бойсұнбаған диктаторларға қарсы халықаралық ынтымақтастық жасалғаны абзал. Әслінде «Араб Көктемі» деп аталған процестің мақсаты осы еді. Тунис, Мысыр, Ливия және басқа елдерде демократиялық реформалардың жүзеге асырылуы күтілген болатын. Өкінішке орай осы процес алдымен Ливияда, одан кейін Сирия мен Мысырда тіпті нашар жағдайға қарай бет алды.
Бұндай жағдайда диктаторлардың неге құламағаны жөнінде зерттеу жасау керек. Әсіресе, барлық саяси режимнің бұрылысының оңай емес екенін қабылдау және процестің әдісі жөнінде қатты абай болған жөн. Екіншісі, барлық мәселелер сынды диктаторлық режимдердің бұрылысы да демократиялық және жаһандық құралдар қолдана отырып жүзеге асыру керек.
Мысалы «Байсалды күш» әдісі мәселелер мен диктаторлықтарды әскери күштің орнына саяси күрес арқылы шешуді ұсынады. Әскери әдістер Сирия және Ливияда аянышты оқиғалардың туылуына апарып соқты. Байсалды күш әдісі болса Шығыс Еуропа елдерінде 1990-шы жылдарда Польша, Венгрияда және 2012 жылынан бергі шешім процесінде Түркияда болғандай өте болымды нәтиже алуда. Бұлардың бірнешеуін атап өткенді жөн көреміз.

Қарулы әдіс қақтығыс, қырғын және өлімдерге апарып соқса, саяси әдіс қансыз және өлімсіз бір диалог процесін жаратады.
Қарулы әдіс қаруға ақша жұмсағандықтан мемлекеттің экономикасы мен қаржысын әлсіретуде. Ал саяси әдіс болса, қаржылар медицина және білім беру сынды салаларға жұмсалады да, елдің өркендеуіне мүмкіндік жаратады.
Қарулы әдіс мемлекеттің және әлемнің қайнар көздерінің қару өндірушілеріне берілуіне, сондай-ақ олардың баюларына және жай халықтың кедей күйге түсуіне себеп болады. Саяси әдіс болса, мемлекет және әлем қайнар көздерінің халықтың және адам баласының баюы үшін қолдануына мүмкіндік береді.
Қарулы әдіс соғысқа қатысқан елдерді әлем алпауыт күштеріне тиесілі болуға айналдырса, саяси әдіс қатысты елдің әлемдегі үнінің тіпті күшті шығуына орай туғызады.
Аталмыш түйіндер Сирия мәселесінің осы тұңғиыққа тірелгенін және бұдан кейін бейбіт бір шешім үшін қандай жұмыс істеу керектігі жөнінде ой-пікір салады. 2015 жылы басталған бейбітшілік талпыныстарының табысты болуы үшін халықаралық ұйымның осы көзқарасқа көңіл бөлгені абзал.



Ұқсас жаңалықтар