Таяу Шығыстың соңғы ахуалы

Проф. Рамазан Гөзеннің анализі

178779
Таяу Шығыстың соңғы ахуалы

Соңғы кезде Таяу Шығыс тарихы мен саясатында төрт мәселе алға шығуда. 1. Араб көктемінің сәтсіздігі. 2. Араб-Израиль қақтығысының жалғасуы. 3. Иран атомдық бағдарламасы. 4. Түркиядағы шешім үдерісі.
Әрине, осыншама кең территорияны алып жатқан Таяу Шығыс жөнінде түрлі теориялық және нақты анализ жасауға болады. Алайда осы анализдердің барлығы осы төрт мәселеге келіп тіреледі. Сонымен бірге Таяу Шығыстың саяси актерлерін де ұмытпау керек. Аймақтың жаһандық деңгейдегі актерлері АҚШ, Ресей, Еуропа мен Қытай, ал аймақтың басты актерлері Түркия, Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр, Израиль және Катар. Соңғы кезде Таяу шығыстың тарихы мен саясатын осы елдер пішіндеп отыр деп айтуға болады. Сонымен бірге Мұсылман бауырлар, Хамас, Күрд аймақтық әкімшілігі, халықаралық Израиль лобиясы мен ИШИМ секілді бейресми актерлер де бар. Алайда бұлардың да мемлекеттерден тәуелсіз екенін айту қиын.
Мармара Университеті Саясаттану білімі мен Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, профессор Рамазан Гөзеннің осы тақырыпқа орай анализін ұсынамыз.
**
Соңғы кездегі Таяу Шығыс саясатының негізінде 2003 жылы Америка Құрама Штаттары бастаған Ирак басқыншылығы мен одан кейінгі оқиғалар жатады. АҚШ-тың орынсыз және сәтсіз Ирак басқыншылығы аймақтан АҚШ пен батыс елдеріне деген наразылықты арттырды. Осы наразылықтар ішінара радикал мемлекеттік саясаттарда, ішінара да халықтың ұстанымында көрініс тапты. Мысалы Иранның атомдық қаруға ие болу бастамалары мен артып отырған ықпалымен араб елдеріндегі жүйелерге қарсы бағытталған халық көтерілістері секілді. Бұларға Ирактың іс жүзінде бөлшектенуін, күрд саяси қозғалысының және ПКК террорының асқынуын, Хамастың Израильге қарсы әрекеттерінің артуын қосу керек. Осылайша 21-ғасырдың алғашқы он жылында аймақтың басты проблемалары мынадай: Иранның әскери, технологиялық саяси ықпалының Ирак, Ливан және Палестинаға таралуы, күрд саясатының және террорының Ирак пен Түркияны мазалауы, Палестина мәселесінің шешім таппауы, Ауғанстаннан шыққан Әл Кайда террор ұйымының Ирак және басқа елдерге тарауы. Қысқаша айтқанда, 2010 жылға келгенде, Таяу Шығыс негізінен АҚШ пен одақтастары және Иран мен оған қолдау берген Ресей, Қытай және одақтастары арасында күрес алаңына айналды.
2009 жылы Обама президент ретінде сайланғаннан кейін аймақты қайта құратын бағытта маңызды екі оқиға болды. Алдымен Түркия мен АҚШ Үлгілі серіктестік бағдарламасы аясында аймақтағы барлық проблеманың бейбітшілік және тұрақтылық жолымен шешілуі үшін ынтымақтастық жасай бастады. Осы аяда Ердоған үкіметі өте маңызды және тарихи қадамдар басты. Ердоған мен Обама Ирак, Сирия, Палестина, Ливан, тіпті Армения-Әзірбайжан проблемасын шешу үшін оң бастамалар көтерді. Осы бастамалардың алғашқы жағымды нәтижелері Иранның атомдық бағдарламасы мәселесінің шешілуі, Ирактың қайтадан тұрақтылыққа жетуі, Палестина проблемасының БҰҰ қағидалары аясында шешілуі бағытындағы үміттер болатын.
Обама шеңберіндегі екінші маңызды оқиға араб көктемінің басталуы еді. Тунисте басталған бейбітшіл және тұрақты демократия үдерісі Мысырға жетті. Араб көктемінің негізгі пікірі демократия, адам құқықтары, бейбіт және түбегейлі бетбұрыстың бүкіл аймақта жүзеге асуы болатын. Негізінде бұл аймақтық ағарудың жалыны еді. Салқын соғыстан кейін шығыс және орта Еуропа елдерінде болғаны секілді Таяу Шығыс, тіпті Ислам әлемінде де ағару және замандасудың үміт оты жағылды. Осы жағынан аймаққа саяси көктем келу ықтималы болып еді.
Алайда араб көктемінің осы үміт пен ықтималдары басқа елдерге жұқпағаны секілді, алғашқы елдерде де сөніп қалды. Алдымен Ливия мен Сирия сатыларына қару мен қан араласты. Ливияда Каддафи әкімшілігі халықаралық қарулы операцияның көмегімен төңкерілді. Алайда орнына орынды үкімет пен жүйе құрылмады. Осындағы негізгі мәселе жергілікті әскери күштер арасындағы жікшілік пен қақтығыстар. Сирия мәселесі болса одан да қиратушы рол ойнады. Сирия оппозициясы мен Асад әкімшілігі арасындағы күрес азаматтық соғысқа айналды. Сирия дағдарысы әрі өзіне, әрі төңіректегі елдерге болымсыз әсер етті. Бұлардың басында Мысырда демократиялық жолмен сайланған Мурси әкімшілігінің әскери төңкеріс арқылы төңкерілуі болды. Ливия, Сирия мен Мысыр оқиғалары араб көктемін кері айналдырған, аймақты бұрынғыдан да нашар жағдайға келтірген оқиғалар болды. Осылар жағымсыз әсер еткен басты нәрсе Палестина проблемасы мен АҚШ-Түркия қатынастарындағы келіспеушілік болды. Мұның басқа бір жағы түрік сыртқы саясатының «Құнды жалғыздығы» болып табылады.
2014-2015 жылға қарағанымызда, Таяу Шығыста болымды екі үдеріс қалды. Иран мен 5+1 елдері арасындағы атомдық шешім үдерісі мен Түркияның қоғамдық шешім үдерісі. 2015 жылы осы екі үдеріс тұрғысынан жақсы өтеді деп үміттенуге болады. Бір-бірімен тікелей байланыста болмаса да, екі үдерістің сәтті аяқталуы Ирак, Сирия, тіпті Шығанақ және Палестина аймағына да оң әсер етуі мүмкін. Осының нәтижесінде Сирия мен ИШИМ мәселелері де шешіліп қалуы ықтималы бар.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар