НАТО саммиті және оның қорытындылары

НАТО Саммитінің Түркия үшін маңыздылығы, берері мен әкетері

123515
НАТО саммиті және оның қорытындылары

Үстіміздегі жылдың 4-5 қыркүйек күндері арасында НАТО-ның маңызды саммитті өтті.

Уэльстегі саммитте НАТО-ның мәселелері қаралды. 28 мүше ел мен барлығы 60 елдің жоғары деңгейдегі өкілдері қатысқан саммиттен төрт шешім суырылып шықты. Біріншісі, бес мың әскерден қалыптасатын Шұғыл әрекет күшінің Орталық Еуропаға орналастыруы шешімі. Екіншісі Украина мен Ресей арасында келісім орнату. Үшіншісі ISIS және басқа да лаңкестік ұйымдармен күрес мақсатында он елден тұратын коалицияның қалыптастырылуы. Төртіншісі Түркияның аймақтық ролінің баса көрсетілуі. Осы аяда маңызды оқиға президент Ердоған мен Обаманың көп уақыттан кейін алғаш рет оңаша жүздесуі болатын. Осы кездесу әрі Түрік-Америка қатынастары тұрғысынан, әрі Түркияның шығыс пен батыс арасындағы көпір ролін қайтадан алға шығаруы тұрғысынан маңызды. Әрі Уэльс саммиті, әрі Түркия-АҚШ байланыстары түрік сыртқы саясаты, аймақтық және халықаралық саясат тұрғысынан бетбұрыс болуы мүмкін.


Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Проф. Рамазан Гөзеннің тақырыпқа байланысты анализін ұсынамыз.
**
НАТО – дүние жүзінің ең мықты, біріккен және тәжірибелі қауіпсіздік ұйымы. АҚШ және Еуропа елдерінің әскери, экономикалық, саяси және технологиялық күші НАТО-ны мықты ұйымға айналдырды. Бұл күш Расмуссеннің айтқанындай Трансатлантик аймағын сенімді, тұрақтылық аралына айналдырды. НАТО құрылған 1949 жылдан бері әсіресе салқын соғыс бойы мүшелерінің қауіпсіздігін қорғауда табысты болғанын айтуға болады. Алайда абсолюттік мағынада табыс, яғни барлық жағдайда және барлық мәселеде табысты болды деу қиынырақ. Әсіресе салқын соғыстан кейін НАТО-ға қатты наразылықтар келді. Тіпті НАТО-ның өз мүшелері арасында, әрі әлемде тұрақсыздық қалыптастырғаны туралы ғылыми көзқарастар бар.


Мысалы Ресейдің Украинаға араласуы мен ISIS проблемасы НАТО-ның және мүше елдердің шекарасын көрсетті. Украина НАТО-ға мүше болмаса да НАТО-ның барлық мүшелері қолдау көрсетіп отырған бір ел. Бұған қарамастан Ресей Украинаның Қырым аймағын өз жеріне қосып алды. НАТО-ға мүше елдер осы басқыншылықты тоқтата алмады, доғару үшін жүргізілген эмбарголар да ықпалды болмады. Саммит барысында Украина мен Ресей арасында келісілген атысты тоқтату шешімі осы соғысты тоқтатуы мүмкін, бірақ Қырымның бұрынғы мәртебесіне қайта келуі едәуір қиын.


НАТО-ға мүше елдердің бұдан да төмен ісі Сирия дағдарысында көрінді. Сирия дағдарысының қалыптасуында НАТО-ға мүше елдердің барлығына дерлігінің тікелей немесе жанамалы түрде ролі бар. Сирия азаматтық соғысының асқынуында НАТО елдерінің кейбірінің көп, кейбірінің азырақ ықпалын ұмытпау керек. Түркияның шекара қауіпсіздігі бірнеше мәрте аяққа тапталды. Сирия жағында түріктің бір ұшағы құлатылды. Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнді. Алайда НАТО атақты бесінші бапты іске қоспады, мүшелерінің біріне жасалған шабуылда жүзеге асырылуы керек қауіпсіздік механизмін бастатпады. Осының орнына төртінші бап, Түркияның жанында екенін мәлімдеді. Шекараға Патриот зымырандары орналастырылды. Бұлардың Түркияның қауіпсіздігіне үлес қосқанын қабылдасақ та, Сириядан келген қатер толығымен жойылмады.


Сириядағы шешімсіздік НАТО мүшелері үрейленген ISIS сынды лаңкестік ұйымын нығайтты. НАТО елдері мен әсіресе АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Германия сынды ықпалды мүшелер аталмыш лаңкестік ұйымының үш айдан бергі әрекеттеріне ешбір шара қолдана алмады. Алайда енді қауіп аймақтағы тұрақтылыққа әсер ете бастаған соң, НАТО шара қолдануды қажетсінді. ISIS-тің тек аймақ елдері емес, сонымен бірге әлемнің қауіпсіздігіне де қатер төндіргені түсінікті болды.


НАТО-ға мүше елдер осы екі проблемада ықпалсыз болған тұғырларын жөндеуге тырысуда. Уэльс саммитінің нысанасы Ауғанстан мәселесімен қоса Украина және ISIS проблемасына шешім табу болатын. Осы аяда Ресейдің Шығыс Еуропа елдеріне жасауы мүмкін шабуылдарының алдын алу және ISIS-ке қарсы операциядан басқа әскери, барлау, экономикалық және саяси операциялар жасалуы жоспарланып отыр.


Президент Обама бір сұхбатында осы бағытта бір стратегияның белгісін берді. Осы стратегияның нақты түрде неден тұратыны, коалициядағы мүшелердің қандай роль атқаратындары талқылануда. Мысалы Түркияның осы стратегияда маңызды роль алатыны айтылып жүр. Бірақ нақты ашып айтылған жоқ. Осындай белгісіздіктер НАТО шешімдерінің атқарылуы сатысында наразылық туғызуы мүмкін.


Мысалы Түркияның аталмыш лаңкестік ұйымға қарсы операцияларда мынадай уайымдары бар екені айтылуы мүмкін. Біріншісі террор ұйымының қолында отырған қырық тоғыз түрік азаматының өмірлеріне қауіп төнбеуі керек. Екіншісі ұйымға қарсы операцияларда түрік әуе базаларының және әуе кеңістігінің қолданылуы Түркияны аймақтық ыстық соғысқа итермелемеуі қажет. Үшіншісі Түркияны аймақпен бетпе-бет қалдырған бір стратегия болмауы керек. Ең соңында, ұйыммен күрес жүргізе отырып, аймақтағы террор ұйымдарының және басқа да қақтығысқа ашық топтардың нығаюына рұқсат бермеу керек. Аймақта тұрақсыздықты одан әрі арттырмау керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар