Түркия және әлем тынысы – 88

Ердоғанның елбасы міндетін қабылдады. 62-ші үкімет құрылды.

115021
Түркия және әлем тынысы – 88

Режеп Таип Ердоған 28 тамыз күні елбасылығы міндетін 11-ші елбасы Абдуллах Гүлден қабылдап алды. Елбасы Режеп Таип Ердоған дереу Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұн премьер-министр міндетіне әкелді. Дауытоғлұ ертесі күні жаңа Министрлер кабинетін жариялап, міндетке бастады. Осы оқиғалардың Түркияның ішкі және сыртқы саясатында жаңа кезеңнің бастамасы болатыны және бұл өзгерістердің жаңа бір Түркияның құрылу процесі болатыны пайымдалуда. Мұның түсінік және саяси мағынасымен қоса, ұйымдық міндеттер тұрғысынан да тура. Ердоғанның елбасы болуы, орнына әрі партия төрағасы, әрі премьер-министр ретінде Дауытоғлұның келуі жаңа жағдай екені күмәнсіз. Алайда елбасылығы мен премьер-министрліктегі міндет алмасуда жаңа кезеңге байланысты бір үндеу тасталды ма? Маңыздысы бұл жағдай Түркияның ішкі, сыртқы, экономикалық және басқа саясаттарын өзгерте ме? Дауытоғлұ басшылығындағы 62-ші үкімет қандай міндет пен көрініске ие болады?
Жаңа жағдайдың қандай тың мазмұнға ие болатынын түсіну үшін екі талғамымыз бар. Біріншісі жаңа кабинеттің құрылымы, екіншісі аталмыш процесте Ердоған, Дауытоғлұ және басқа басшылардың жасаған мәлімдемелері. 62-ші үкіметтің құрылымы алдыңғы үкіметтен тым бөлек емес. Бір премьер-министр мен 25 министрден құралған үкіметте тек 3 министр кетті, 4 министр келді, бір министр міндет алмастырды. Ескі және жаңа министрлерге қарайтын болсақ, 62-ші үкіметтің негізгі саласында үлкен өзгеріс жоқ, тұрақты болатыны байқалады. Ең басты тақырыптар экономика мен сыртқы істер министрліктері болып, аталмыш екі салада да жалғастылық болатынын айтуға болады. Экономика саясатындағы актерлер орын қорғаған. 62-ші үкіметтің экономика саясаты 12 жылдан бері болғанындай, Али Бабажан басшылығында жалғасады. Түркия экономикасы әлем экономикасымен тоғысуды, тепе-теңдікті қорғауды және сенімді арттыруды жалғастырады.
Назар аударған сала - сыртқы саясат. Сыртқы саясатта екі өзгеріс болды. Дауытоғлұның орнына Еуропа Одағы министрі Мевлут Чавушоғлұ келді. Мевлут Чавушоғлұның орнына Еуропа Одағы Бас хатшысы және дипломат Волкан Бозкыр келді. Осы екі тағайындау сыртқы саясатта әрі өзгеріске, әрі жалғастылыққа меңзейді. Өзгеріске қарағанда, Түркияның Еуропа Одағына мүшелік процесінде жандану болатынын көрсетеді. Мұның алғашқы бейнесі Ердоғанның елбасылығы міндетін қабылдау кезіндегі сөзінде Еуропа Одағы тақырыбын дәріптеуі. Ердоған Еуропа Одағына мүшелік Түркияның стратегиясы екенін айтты. Мұның алғашқы бейнесі Волкан Бозкырдың міндетке келуі болды. Бозкыр - Еуроодаққа мүшелікті кәсіптік және ой-пікір жағынан қабылдаған бір дипломат. Еуроодақ тақырыбында күшті тәжірибеге, білімге және күшке ие. Бозкыр жалпы шарттар орай жаратса, Түркия мен Еуроодақ байланыстарын күшейтуге талпынады. Талпынысы нәтиже берсе, алдағы кезеңде түрік сыртқы саясатында жаңа бір рух пайда болуы ықтимал. Ердоғанның дәріптемесін ескерсек, осы рухтың іске асуы қиын емес.
Сонымен бірге, Түркияның Орташығыс және Сирия саясатында өзгеріс болмайтыны байқалады. Ердоған мен Дауытоғлұ сөздерінде Түркияның Сирия және Араб Көктемі саясаттарының рухани және гуманитарлық екенін білдірді. Сол себепті Түркияның Асад пен режиміне қарсы тұруды, Асадқа қарсыластарды қолдауды, Сисимен салмақты байланыс жасауды, Хамасты қолдауды, Израильді айыптауды, Ирактың саяси және территория тұтастығын қолдауды, күрт мәселесін шешуді жалғастыратыны байқалады.
Қорыта айтқанда, Түркия осы саясатты жалғастырса, саясаттың жаратушысы Дауытоғлұның билігі жалғасады. Дауытоғлұ әрі премьер-министр ретінде, әрі Мевлут Чавушоғлұмен бірге түрік сыртқы саясатын басқару мен бағыт сілтеуді жалғастырады және өзгеріс болмайды.
Жаңа кезеңде өзгермейтін басқа тақырыптар «Шешім процесі», «қосалқы ел» аталған заңсыз ұйымға қарсы күрес, жаңа атазаң жасау талпынысы. Шешім процесі премьер-министр Дауытоғлұ басшылығында, алайда премьер-министр орынбасары Булент Арынчтың ұйымдастыруында жүргізілетіні жарияланды. Өзге премьер-министр орынбасары да көмекші болады. Бұдан тысқары тақырыптар жалғастылығын сақтайды. Демократияласу, адам құқы, қала жоспарлары, білім беру, денсаулық және басқа барлық салаларда 12 жылдық дағды жалғасады.
Қорыта айтқанда, 62-ші Дауытоғлұ үкіметінің 9 ай ішінде тым ауқымды саясат атқаруы күтілмейді. Үкімет 2015 жылы 7 маусымда жоспарланған жалпы сайлауға дейін тұрақтылықты сақтауға және жаңа бір Түркияның инфрақұрылымын қалыптастыруға талпынады. Саясаттың басты мақсаты - демократиялық атазаң дайындау. Түркияның жаңа бір атазаң жасап-жасамайтыны 2015 жылғы сайлаудан шығатын нәтижелерге байланысты. Осы кезеңнен кейін «Жаңа Түркия» тіпті айқындала түседі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар