Әлемдік жүйеде Израиль мәселесі

"Израиль мемлекеті негізінде әлемдік жүйенің «жасанды баласы» және түрлі заң бұзушылықтарына қарамастан «ерке тентегі»

69267
Әлемдік жүйеде Израиль мәселесі

12 маусым күні басталған Газаға Израильдің әуе шабуылдары алдағы күндері ауқымды құрлық операциясына айналды. Бұл да, әрине, қырғынның дәрежесін арттырды. Шын мағынада басқыншылық үдерісі басталды. Осылайша Израиль-Палестина проблемасында жаңа кезең басталды. Израиль 1967 жылы басып алып, артынан 2005 жылы әскерлерін әкеткен Газа секторын тағы бір рет басып ала бастады. Басқыншылықтың алғашқы нәтижелері – жүздеген жазықсыз палестиналықтың өлтірілуі, үй мен қалалардың жермен-жексен болуы, мыңдаған адамның жарақат алуы және басқа да рухани, әрі материалдық шығындар. Осы оқиғаның трагедиялық жағы – Израильдің аяусыз шабуылдарына қарамастан, бүкіл әлемнің шабуылды тоқтата алмауы. Израиль бар күшімен адамдарды өлтіріп жатқан кезде, ауыз жүзіндегі өркениетті әлемнен ешбір наразылық келмеді. Ауыз жүзіндегі қауіпсіздік және адам құқықтары ұйымдары қарсы шықпады. Осы тақырыпта әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Еуропа кеңесі, НАТО және басқа да көптеген халықаралық ұйым үнсіз қалды. Басқа жағынан Ислам әлемі мен қоғамдары Израиль қырғынын тоқтата алатын іс тындыра алмады. Ислам әлемінің ең ірі ұйымдары Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мен Араб одағы көрермен боп қалуын жалғастыруда.


Әрине, көрініс толығымен қараңғы емес. Израиль шабуылдарына қарсы әлемнің көптеген жерінде наразылық акциялары, шерулер ұйымдастырылды. Осылардың басында Түркия келгенін қабылдау керек. Түркияның ең жоғарыдағысынан ең төмендегісіне дейін барлық лауазымдылары Израильді айыптады. Премьер-министр Ердоған мен үкімет мүшелері қатаң түрде мәлімдеме жариялады. Президент Гүл ресми деңгейде айыптады. Азаматтық қоғамдық ұйымдар Израиль өкілетті елшілігі мен консулдығы алдында шерулер өткізді. Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісіндегі төрт саяси партия өкілдері бірігіп декларация жариялады. Америка Құрама Штаттары және Еуропадағы кейбір қалаларда ауқымды шерулер өткізілді. Тіпті осы шерулердің бірінде діндар еврейлердің де Израильді сынға алғаны белгілі. Американдық діндар еврей азаматы Израильдің заңсыз мемлекет екендігін атап көрсетті.


Мармара Университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, Проф. др. Рамазан Гөзеннің осы тақырыпқа байланысты анализін ұсынамыз.
**
Израиль шабуылдары мен ықпал етпейтін наразылықтардың басты себебі – әлем Израильді қолдайды. Іргетасы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қаланған әлемдік жүйе Израиль мемлекеті үстем деп есептейді. Әлем жүйесіндегі басты актерлер болып табылатын батыстық елдер, қоғамдар мен олардың билігіндегі халықаралық ұйымдар әрдайым Израильдің шабуылдарына көрермен болып келді. Халықаралық экономикалық жүйе, медиа желілері, тіпті білім беру, спорт, өнер, мәдениет, қару саласы мен ауыз жүзіндегі халықаралық қоғам Израиль жазықсыз және қолдау керек деген қате ұғымда. Израиль мемлекеті негізінде осы әлемдік жүйенің «жасанды баласы» және түрлі заң бұзушылықтарына қарамастан «ерке тентегі» секілді.


Бұл сөздерге нақты айғақтар келтіруге болады. Израиль мемлекеті БҰҰ бас ассамблеясының 1947 жылғы нөмірі 181-ші қарарымен Сионизм идеологиясына орай құрылды. Басқаша айтқанда, Израиль табиғи түрде емес, батыстық елдердің билігіндегі БҰҰ-ның шешімімен қалыптасты, сондықтан «жасанды». Басқа жағынан Израиль құрылған кезінен бері заңсыз шабуылдар жасап келгеніне қарамастан әлемдік жүйе ешқашан даусын көтермеді. Сондықтан «ерке».


Әлем жүйесіндегі белсенді актерлер сондықтан Израильді қолдайды, палестиналықтарға қарсы пікірде. Ашық айту керек болса, әсіресе батыс елдерінде Израиль «жазықсыз және қорғалуы керек ағайын», алайда палестиналықтар «қауіпті» деген түсінік қалыптасқан. Осы түсінік бойынша Израиль не істесе дұрыс, палестиналық ешнәрсе істемесе де бұрыс болып қабылданады.


Осы проблеманың ең жан ауыртатын жері де – әлем жүйесінің ықпалы жоқ элементі секілді боп тұрған Ислам әлемінің ахуалы. 1,5 миллиардтан көп, өте құнды жағрапия, экономикалық, демографиялық, тарихи және көне өркениет пен құндылықтарға ие Ислам елдері өкінішке орай, Палестина тақырыбында әлсіз. 1,5 миллиард мұсылман қауым, не болмаса олардың мемлекеттері мен халықаралық ұйымдары шешім таба алмай отыр.
Ислам әлемі әлемдік жүйедегі тұғырын өзгерте алмады, өз ішіндегі жікшілдік пен қақтығыстардың алдын ала алмай отыр. Халықаралық қатынастарда ықпалды деңгейге көтеріле алмады. Басқа бір себебі болса Ислам елдерінің ішкі және сыртқы саясаттарындағы қателері. Соңғы кезде әсіресе Сирия және Ирак мәселелері сынды аймақтық тақырыптардағы саяси қателіктер Палестина проблемасының осы деңгейге келуінде роль ойнады. Араб көктемінің сәтсіздікпен аяқталуы, Мысырда Сиси төңкерісі мен Мұсылман бауырлар ұйымының үнінің өшірілуі де осы факторлар арасында.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар