Түрікше үйренеміз - 03

Мәриямның қабылдау бөліміндегі қонақүй қызметкерімен әңгімесі

282128
Түрікше үйренеміз - 03


Оқу үшін Түркияға келген Мәриям әуежайында төлқұжат істерін аяқтағаннан кейін таксиге мініп, қонақүйге келді. Мәриям университетке құжат тапсырғанға дейін қонақүйде тұруды және кейіннен студент жатақханасына өтуді жоспарлаған. Енді Мәриямның қабылдау бөліміндегі қонақүй қызметкерімен әңгімесін бірге тыңдайық.

Сәлеметсіз бе? Бір адамдық бөлмеңіз бар ма?
Иә, мына бланкты толтырыңыз.
Әрине.
Неше күн тұрасыз?
Әзірге үш күн.
Бөлмеңіз дайын. Қызметкер сізге бөлмеңізді көрсетеді. Күн сайын таңертең сағат 7-10 арасында ресторанда таңғы ас дайын болады.
Рахмет
Қонақүйімізді ұнатарсыз деп ойлаймын.

Енді әңгімедегі сөйлемдерді талдаймыз.
Мәриям қонақүйдің қабылдау бөліміне келіп, «Бір адамдық бөлме бар ма?» деп сұрайды. Қабылдау қызметкері “evet efendim” деп жауап береді және Мәриямнан бланкты толтыруды өтінеді. “Şu formu doldurur musunuz, lütfen?” «мына бланкты толтырыңыз.» “Şu” мына деген сөз. Түрікшеде өте жақын қашықтықтағы нәрсеге “bu”, бұл, бірақ алыстағы нәрсе “şu” мына, одан да алыс жердегі нәрселерге “o” анау деген сөз қолданылады.
 Қабылдау қызметкерінің “şu formu doldurur musunuz, lütfen?” деген сұрағына назар аударыңыз. Түрік тілінде көбіне сыпайы сөйлемдер қолданылады. Яғни қызметкер айтқан сөйлем «толтыруыңызға бола ма?» деген мағынаға келеді. Сондықтан бір дүкенге кіргенде, бір нәрсе сатып алатын кезде немесе бір адамнан бір нәрсе сұраған кезде сұрақты сөйлем қолдансаңыз дұрыс болады. Мысалы :

Bir bardak su alabilir miyim, lütfen.
Бір стакан су алуға бола ма?

Şu vitrindeki şapkaya bakabilir miyim, lütfen.
Мына витринадағы бас киімге қарауға бола ма?

Bir Türk kahvesi rica edebilir miyim, lütfen.
Бір түрік кофесі алуға бола ма?

Қабылдаудағы қызметкер Мәриямнан неше күн тұруды ойлағанын сұрады және Мәриям да “şimdilik üç gün” деп жауап берді. “Şimdilik” деген сөз әзірге нақты, бірақ болашақта өзгеруі мүмкін жағдайларда қолданылады. Яғни Мәриям «Әзірге үш күн тұруды жоспарладым. Бірақ кейіннен шешімімді өзгертуім мүмкін» дегісі келді.

Қызметкер бөлменің дайын екенін айтады және қонақүйдің қызметкерінің бөлмені көрсететінін білдіреді. Қызметкер сондай-ақ күн сайын сағат 7-10 арасында қонақүйдің ресторанында таңғы ас дайын болатынын еске салады. Мәриям алғысын білдіреді. Қызметкер болса “Rica ederim. Umarım otelimizden memnun kalırsınız” «Қонақүйімізді ұнатарсыз деп ойлаймын» деп жауап береді.

Енді Мәриям мен қабылдау қызметкерінің арасындағы әңгімені қайталап тыңдайық.

Сабақты тыңдаңыз

(TÜRKÇE):
Meryem: Merhaba, tek kişilik odanız var mı?
Resepsiyon Görevlisi: Evet efendim. Şu formu doldurur musunuz lütfen.
Meryem: Tabii.
Resepsiyon Görevlisi: Kaç gün kalmayı düşünüyorsunuz?
Meryem: Şimdilik üç gün.
Resepsiyon Görevlisi: Odanız hazır efendim. Arkadaş size odanızı gösterecek.
Her sabah 7-10 arası lokantamızda kahvaltı var.
Meryem: Teşekkür ederim.
Resepsiyon Görevlisi: Rica ederim efendim. Umarım otelimizden memnun kalırsınız.

Келесі бағдарламамызда Мәриямның қонақүйдегі үш күндік тұрмысы мен әңгімелерін сіздермен бөлісеміз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар