Түрікше үйренеміз - 1

Түрік тілінде сәлемдесу

224082
Түрікше үйренеміз - 1

Бүгіннен бастап апта сайын «Түрікше Үйренеміз» атты бағдарламамен сіздермен бірге боламыз. Жаңа бір тіл үйреніп, Түркияға келгеніңізде емін-еркін сөйлескіңіз келсе, қалам-қағазыңызды және жазып алу жихазыңыз болса қасыңызға алыңыз. Бағдарламамызды қысқа толқын эфирлерімен бірге интернет парақшамыздан да тыңдай аласыздар. Жихазыңызға жазып алып, қайта-қайта тыңдауыңызға болады.


«Түрікше үйренеміз» атты бағдарламамызды жақсы, жүйелі түрде бақылап отыру үшін сіздерге бір әңгіме дайындадық. Ираннан Түркияға оқу үшін келген Мәриямның әңгімесі. Мәриям мектепті жаңа аяқтаған, Түркияға бұрын турист ретінде келген екен. Сол келгенінде Түркияның табиғаты, тарихи мекендерін, тұрғындары мен университеттерін ұнатқандықтан білімін осында жалғастырғысы келген.
Әңгімеміз Мәриямның Стамбулдағы Ататүрік әуежайына кіруімен басталады. Енді бүгінгі сұхбатты бірге тыңдалық.

Meryem: Merhaba
Polis Görevlisi: Merhaba, hoş geldiniz.
Meryem: Hoş bulduk.
Polis Görevlisi: Pasaportunuz lütfen
Meryem: Buyurun
Polis Görevlisi: Gezi için mi geldiniz?
Meryem: Hayır, öğrenim amacıyla geldim.
Polis Görevlisi: Çok iyi. Size başarılar diliyorum. Buyurun pasaportunuzu.
Meryem: Teşekkür ederim, kolay gelsin.

Енді жоғарыдағы сұхбатта кездесетін сөз бен сөйлемдерді жеке-жеке талдайық. «Merhaba» «Сәлем бердік», «Сәлеметсіз бе?» деген сөз. «Merhaba» деген сөз бір сағатпен немесе уақытпен шектелмейді. Әрқашан айтылады. Сонымен бірге таңертең «günaydın”, түскі кезде “iyi günler”, кешкі уақытта “iyi akşamlar”, түнде де «iyi geceler” деген сөздер қолданылады.


Полиция қызметкері Мәриямға «hoş geldiniz» дейді, Мәриям да “hoş bulduk” деп жауап береді. “Hoş geldiniz” деген сөз бір адамды қарсы алған кезде, қонақ немесе қайта оралған бір жолаушы үшін айтылады. “Hoş geldiniz” сөзінің жауабы болса әрқашан “hoş bulduk”.


“Lütfen” деген сөз бір нәрсені сұраған кезде айтылады. Әрі сөйлемнің басында, әрі сөйлемнің аяғында қолданылады. “Buyurun” сөзі болса көптеген жағдайда қолданылады. Мысалы бір нәрсені таныстырған кезде, бір қонақты ішкі кіруге шақырған кезде немесе отыруға шақырған кезде, не болмаса телефонды ашқан кезде “buyurun” деп айтамыз. Полиция қызметкері Мәриямға “gezi için mi geldiniz”, яғни «Қыдыруға келдіңіз бе?» деп сұрайды және Мәриям “hayır, öğrenim amacıyla geldim”, яғни «Оқу мақсатымен келдім» деп жауап береді. Полиция қызметкерінің Мәриямға жауап ретінде айтқан сөзі “çok iyi”, «өте жақсы» деген сөз. Бұл сөздің орнына “çok güzel” немесе тек қана “güzel” деген сөздер де қолданылады. Диологтың аяғында Мәриям алғыс айтады және “kolay gelsin” дейді. Алғыс үшін түрікшеде “teşekkür ediyorum” деген сөзбен бірге “teşekkürler”, “sağ olun”, “sağ olasınız» деген сөздер де айтылады.


Түрік тілінде жиі қолданылатын “kolay gelsin” деген сөз тіркесі болса жұмыс істеп жатқан бір адамға айтылады, осылайша жұмысының жеңіл болуын, оңай аяқтауын тілейді.
Енді диологты қайтадан тыңдалық.

(TÜRKÇE):
Meryem: Merhaba
Polis Görevlisi: Merhaba, hoş geldiniz.
Meryem: Hoş bulduk.
Polis Görevlisi: Pasaportunuz lütfen
Meryem: Buyurun
Polis Görevlisi: Gezi için mi geldiniz?
Meryem: Hayır, öğrenim amacıyla geldim.
Polis Görevlisi: Çok iyi. Size başarılar diliyorum. Buyurun pasaportunuzu.
Meryem: Teşekkür ederim, kolay gelsin.

Келесі бағдарламамызда Мәрия әуежайынан қонақүйге бара жатқанда жолда таксидегі сұхбатын сіздерге тыңдатамыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
HOŞÇA KALIN

Сабақты тыңдау үшін түртіңіз

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар