Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2112808
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті  «Фиданның АҚШ-тағы кездесуінде  бөлшектеуші террор ұйымы басты күн тәптіпте орын алды» атты хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливанмен кездесті. Кездесуде Фидан Газада тез арада атысты тоқтатудың жариялануы және аймаққа келетін гуманитарлық көмектің ұлғаюы қажеттігін білдірді. Хакан  Фидан АҚШ-тың одақтастық рухына сай әрекет етіп, бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның кеңейтулерімен қарым-қатынасын үзуі керектігін айтты.

Йени Шафак газеті «Даму жолы жобасы терроризмге тосқауыл болады» атты хабар жариялаған. Ирактың солтүстігіне бағытталған операциялармен PKK-ны жоюды жоспарлаған Түркия Овакөй шекара қақпасын қамтитын Даму жолы жобасының жұмысын жеделдетті. Жоба PKK-ның Ирак-Сирия байланысын үзу үшін тосқауыл болады.

Стар газеті  «АҚШ баспасөзінің таңғажайып «Каан» пайымдауы» деген хабарға орын берген. «American Business Insider» 21 ақпанда алғашқы рейсін сәтті орындаған Түркияның 5-ші буын соғыс ұшағы «Каан»-ға назар аударды. «American Business Insider» бауырлас ел Әзербайжанның Ресейде жасалған әскери ұшақтардан гөрі «Каан»-ды артық көретінін атап өтті.

Хүрриет газеті «Байрактар: Габардағы мақсат 100 мың баррель» атты хабар жариялаған. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​«Габарда тәулігіне 37 мың баррельден асты. Сәуір айында 9 жаңа ұңғыма ашылады. 2024 жылдың соңына дейін нысанамыз тәулігіне 100 мың баррель» деді.

Сабах газеті «Стамбул әуежайында «терапиялық иттер» жұмыс істей бастады» деген хабарға орын берген. Түркияда алғаш рет Стамбул әуежайында жүзеге асырылған «Терапиялық ит жобасы» рейске қатты алаңдаған жолаушыларға тыныш және көңілді саяхат тәжірибесін ұсынуды мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар