Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2133683
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Түркияда  қаланы жаңалау керек» деген хабарға орын берді. Президент Режеп Тайып Ердоған Апат және төтенше жағдайлар басқармасында өткен рәсімде «Халықтың 71 пайызы жер сілкінісі қаупі жоғары жерлерде тұратын Түркия үшін қаланы өзгерту жұмыстары таңдау емес, қажеттілік» деді.

Хүрриет газеті  «Ирактың солтүстігінде Ұлттық барлау ұйымы  операциясы жасады» атты хабар жариялаған. Ұлттық барлай ұйымы Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағына соңғы бір аптада жүргізген операцияларында PKK/YPG-лік 15 террористті залалсыздандырды.

Йени Шафак газеті «Министр Байрактардан табиғи газ жайлы сүйінші хабар» деген хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Сакария газ кен орнында күніне 4,5 миллион текше метр газ өндірілетінін және мұның 1,8 миллион үй шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыра алатынын айтты.

Стар газеті «Түркияға шетелдік ресурстар ағыны» атты хабар жариялаған. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Ислам Даму банкі  тобының 2024-2026 жылдар аралығын реттейтін Ел стратегиясы аясында Түркиядағы жобаларға 6,3 миллиард доллар қаржы бөлетінін айтып, «Экономикалық бағдарламаның арқасында Түркияға шетелдік ресурстар ағыны осылай жалғасуда» деп көрсетті.

Ватан газеті «THY Ауғанстанға рейстерді қайта бастады» деген хабарға орын берген. 2021 жылы Ауғанстанға рейстерін тоқтатқан Түрік Әуе жолдары (THY) осы елге рейстерін қайта бастауда. 21 мамырда Ауғанстанның астанасы Кабулға рейстерді қайта бастайтын әуе компаниясы аптасына 4 күн Стамбул-Кабул рейстерін орындайтын болады.

 



Ұқсас жаңалықтар