Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2133274
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Министр Фидан Палестина Премьер-министрімен сөйлесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Палестина Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Мұхаммед Мұстафамен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Газа секторы мен Шерияның батысындағы соңғы жағдайдың талқыланғаны хабарланды.

Хүррийет газеті «Министр Уралоғлу: Күш бірлігімізді жалғастырамыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Біріккен Араб Әмірліктері Инвестиция министрі Мұхаммед ибн-Хасан Әл-Сувайдимен Стамбулдағы кездесуі туралы «Алдағы кезеңде Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак және Катардан келген әріптестерімізбен төрттік министрлер саммитін өткіземіз. Біз «Даму жолы» жобасындағы күш бірлігін жалғастырамыз» деді.

Стар газеті «Мексика министрі Маркес: Түркияның жетістігі шекарадан асып, елімізге жетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік телехикаяларының мексикалықтардың Түркияға келуіне айтарлықтай әсер еткенін мәлімдеген Мексика туризм министрі Мигель Торруко Маркес «Түрік көшбасшылар өте керемет телехикаялар және фильмдер арқылы жасаған танытумен үлкен табысқа қол жеткізіп, шекараларды асып, Мексикаға дейін ұласты. Түркияның күлімсіреген жүзі мен достығын көрсетті» деді.

Ватан газеті «Министр Байрактар ​​жариялады: "СТГ" келісімі үшін АҚШ-тық компаниямен келіссөздер жүргізілді» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​АҚШ-тың энергетикалық «Exxon Mobil» компаниясымен Сұйытылған табиғи газ (СТГ) келісімі үшін келіссөздер жүргізілгенін хабарлады.

Хабер түрік газеті «Ұлттық боксшы Самет Гүмүш Еуропа чемпионы атанды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сербияда өткен бокстан Еуропа чемпионатында ерлер арасында 51 келіде Самет Гүмүш финалда венгриялық Атила Бернартты жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар