Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2139266
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Мицотакиспен сындарлы кездесу өткіздік» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Анкарада Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакисті қабылдады. Кездесуден кейін екі басшы баспасөз мәслихатын өткізді. Президент Ердоған осындағы сөзінде «Сындарлы кездесу өткіздік. «Біз проблемаларды келіссөз арқылы шешеміз» деді. Мицотакис болса «Грекия Түркияның Еуроодаққа мүшелігін қолдайды» деп мәлімдеді.

Йени шафак газеті «Ердоғанның Мицотакиске «Хамас» жауабы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекия премьер-министрі Мицотакис «Хамас» қозғалысын террор ұйымы деп жариялаған соң президент Ердоған Грекия премьер-министрінің көзіне қарап, «Хамас» қозғалысын түсіндірді. «Хамас террористік ұйым емес. «Бұл өз жерлерін қорғайтын ұлтазаттық ұйым» деген Ердоған мыңнан астам Хамас мүшесінің де Түркияда емделгенін хабарлады.

Стар газеті «Тунистік тарихшы Ердоғанды мақтады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік және Османлы саласында еңбектерімен танымал тунистік тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдулджелил Темими «Президент Ердоғанның ерекше тұлға екенін» атап көрсетті. Темими «Ердоған Түркия мен Ислам әлемінің мақтанышы. Егер адамдар Ердоғанның көзқарасы мен теорияларының қаншалықты құнды екенін білсе, бұған сенбес еді» деді.

Хабер түрік газеті «Түркияның экономикалық бағдарламасына деген сенім артып келеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның экономикалық бағдарламасына деген сеніммен сыртқы қаржыландыруға қол жетімділігі де артып келеді. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Түркияның валюта резервтеріндегі жақсарудың сыртқы қаржыландыру ағынындағы оң көзқараспен жалғасатынын мәлімдеді.

Сабах газеті «Томбик дөнер - әлемдегі ең жақсы сэндвич» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда түрік асханасы әлемдегі ең танымал дәмдерді біріктіреді. Дүние жүзіндегі дәмді тағамдардың рейтингтік тізімін жасаған онлайн туристік гид «Taste Atlas» жүргізген «ұпай беру» нәтижесінде ең жақсы сэндвичтер тізімінде түрік дәмі «томбик дөнер» тізімнің басында орын алды. Тізімнің алғашқы жиырмалығында Түркиядан басқа дәмдер де бар екені байқалды.



Ұқсас жаңалықтар