Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2110561
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен сөйлесті»  деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Телефон әңгімесінде Түркия-Пәкістан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды. Ердоған Шахбаз Шарифті премьер-министр болып қайта сайлануымен құттықтап, Түркия-Пәкістан қарым-қатынастарының жаңа кезеңде тереңдеп дамитынына сенетінін білдірді.

Хабер Түрік газеті «Газада атысты тоқтату үшін елеулі талпыныс бар» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Газада атысты тоқтату үшін келіссөздердің жалғасып жатқанын білдіріп, «Рамазанға дейін (10 наурыз) атысты тоқтату келісіміне қол жеткізу үшін өте маңызды ниет пен талпыныс бар» деді. Фидан сонымен қатар келесі аптада Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Этнони Блинкеннің шақыруымен АҚШ-қа баратынын айтты.

Хүрриет газеті «Шетелдік инвесторлардың Түркияға қызығушылығы жоғары» деген тақырып қолданған. Хабарда айтылғанға қарағанда, Вице-президент Джевдет Йылмаз түрік экономикасының әлеммен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш көрсеткенін айтты. Шетелдік инвесторлардың Түркияға жаңа инвестиция салғысы келетінін білдірген Йылмаз «Алдағы кезеңде бұларды көбірек көреміз» деді.

Стар газеті Анталия Дипломатия форумына орын берген. Венгрия Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийярто Анталия дипломатиялық форумына  байланысты «Бұл батыс Еуропасыз Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясы сияқты» деді. Сийярто көптеген елдің өкілдері қатысқан форумның тиімді екіжақты кездесулер өткізуге мүмкіндік бергенін атап өтті және «Әлем басшыларымен кездесу үшін әлемді аралаудың қажеті болмай қалды» деді.

Йени Шафак газеті «HİSAR-O бір уақытта үш зымыранды ұшырды» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігі «HİSAR-O» орта биіктіктегі әуе қорғанысы зымыран жүйесінің суреттерімен бөлісті. Жүйелік аккумулятор 3 зымыран тасығыш, 1 орта қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс радары, 1 атысты басқару орталығы және қосымша қолдау бөлімшелері мен көліктерден тұрады.



Ұқсас жаңалықтар