Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2109573
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті  «Ердоған: Түркия экономикасы  еселеп өсті» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған 2023 жылғы өсу көрсеткіштеріне қатысты «Түркия экономикасы өткен жылы жер сілкінісі мен басқа да келеңсіздіктерге қарамастан 4,5 пайыздық өсу арқылы өте маңызды табысқа қол жеткізді. Осылайша экономикамыз еселеп өсті. Бұл көрсеткіштермен Түркия Еуропадағы ең жылдам дамып келе жатқан ел болды» деді.

Стар газеті «Түркия өсу қарқынын жалғастыруда» атты хабар жариялаған. Түркия 2023 жылы жылдық негізде 4,5 пайыз, қазан-желтоқсан кезеңінде өткен жылдың бірдей тоқсанымен салыстырғанда 4 пайыз өсті. Түркия Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер арасында екінші, G20 елдері арасында үшінші ел болды.

Йени Шафак газеті «Біз қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарында алғашқы үштіктеміз» деген хабарға орын берген. Түркия отандық және ұлттық ұшқышсыз әуе аппараттары және қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен осы салада алдыңғы қатардағы  Израиль мен Ресейді артта қалдырды. 2024 жылынан бастап қарулы ұшқашсыз әуе аппараттары саны бойынша 11 мың 500 данамен АҚШ 1-ші орында, Қытай 3 мың 300 данамен 2-ші орында, Түркия 1000 данамен 3-ші орында.

Сабах газеті «АҚШ-тан F-16 ұсыныс хаты келді» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың 40 жаңа F-16 Block-70 сатып алу және қолданыстағы 79 F-16 ұшағын жаңғырту үшін жіберген «Ұсыныс және қабылдау хаттарының» министрлікке және тиісті бөлімшелерге жеткенін хабарлады.

Хабер Түрік газеті «Түркия медиа және коммуникация саласында 10 орынға көтерілді» деген хабарға орын берген. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «Brand Finance» тарапынан  әзірленген «Global Soft Power Index» 2024 деректеріне сәйкес Түркияның медиа және коммуникация саласында өткен жылмен салыстырғанда 10 орынға көтеріліп, 193 ел арасында 18-ші орын алғанын білдірді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар