Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2109142
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоғаннан Ресей мен Украинаға үндеу: Дипломатияға жағдай жасаңыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған «Украина-Оңтүстік Шығыс Еуропа саммитіне» бейне хабарлама жолдады. Ердоған Ресей-Украина соғысы туралы «Соғыстың әділ және тұрақты бір бейбітшілікпен аяқтау үшін дипломатия және «келіссөзге мүмкіндік беру керек» деген ұстанымым өзгерген жоқ»  деді.

Хабер түрік газеті «Ресей Сыртқы істер министрі Лавров Түркияға келеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова бас қала Мәскеуде апталық баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Түркияға келетінін атап, «Лавров Сыртқы істер министрінің шақыруымен «Анталия дипломатиялық форумына» қатысу үшін 1-2 наурыз күндері аралығында Түркия келеді. Лавровтың түрік әріптесі Хакан Фиданмен де кездесуі жоспарланады» деді.

Стар газеті «Афины үкіметі Түркиядан шабыттанып әрекет етті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекияның ТР Президенттік аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының халықаралық деңгейдегі жұмыстарды жүзеге асырғанын «Түркияның Коммуникация моделінің» сәттілігінен шабыт алып, дезинформацияға қарсы орталыққа ұқсас бөлімше құратыны хабарланды.

Сабах газеті «Түркия 1 миллион тонна балық аулаумен рекорд жасады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі Балық және су өнімдері бас директоры Мұстафа Алтуғ Аталай өткен жылы балық өсіру және аңшылық өнімдерінде рекорд жаңарғанын атап, «Өткен жылы 1 миллион тоннаға жуық балық ауланды. Биылғы жылы 575 мың тоннадан астам өнім өндіруді көздеп отырмыз» деді.

Хүррийет газеті «Сыртқы сауда тапшылығы төмендеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Статистика мекемесі сыртқы сауда көрсеткіштерін жариялады. Мекеменің деректеріне қарағанда қаңтар айында сыртқы сауда тапшылығы өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 56,4 пайызға төмендеп, 14 миллиард 290 миллион доллардан 6 миллиард 227 миллион долларға азайды.



Ұқсас жаңалықтар