Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2108521
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: 21 жылдағы табыстар – Түркия ғасырының инфрақұрылымы» деген тақырып қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған соңғы 21 жылда атқарылған демократия мен даму серпілістерін Түркия ғасырының инфрақұрылымы ретінде көретіндерін айтты. Түркия экономикасын соңғы 21 жылда үш еседен астам өсіргендерін және өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және сауданы жаһандық бәсекеге дайындағандарын атап көрсеткен Ердоған алдағы кезеңде де осындай жетістіктерге жететіндерін баса айтты.

Хүрриет газеті «Түркия инвесторлар үшін пайдалы және сенімді мекен» деген хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Түркияның бәсекеге қабілетті бизнес ортасы, тартымды ынталандыру пакеттері, тұрақты қаржы инфрақұрылымы және макроэкономикалық тепе-теңдігімен инвесторлар үшін табысты және сенімді мекен екенін айтты. Министр Кажыр «Түркияның жарқын болашағына сенген әрбір кәсіпкер инвестициясының жемісін көруді жалғастырады» деді.

Йени Шафак газеті «2024 жылы «SİPER» Түркияны басынан аяғына дейін қорғайды» деген хабарға орын берген. Әскери электроника өнеркәсібі (ASELSAN) бас директоры Ахмет Акйол биылғы жылы «SİPER» отандық әуе қорғаныс жүйесін аяқтайтындарын мәлімдеді. Акйол «Мемлекетіміздің басшылығымен 2024 жылы әуе қорғаныс қабатын аяқтаймыз» деді.

Стар газеті Сомали министрінің сөздеріне орын берген. Сомали Ақпарат, мәдениет және туризм министрі Дауд Авейс Джама елі мен Түркия арасындағы қорғаныс және экономикалық ынтымақтастық келісімін ұзақ уақыт бойы күткендерін айтты. Сомали министрі екі ел арасындағы келісімді «тарихи келісім» деп сипаттады.

Сабах газеті «Түрік асханасының ең жақсы 25 тағамы таңдалды» деген хабар жариялаған. Түрік асханасы тарих бойы қалыптасқан бай дәмдерімен, түрлілігімен және мәдени мұрасымен дүние жүзінде үлкен назар аударады. «TasteAtlas» онлайн туристік гид жариялаған түрік асханасының ең үздігін анықтау үшін жүргізілген зерттеу нәтижелері өте керемет. Тізімге түрік асханасының ең түпнұсқа, дәмді және ең танымал 25 тағамы енгізілген.

 



Ұқсас жаңалықтар