Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2107359
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Түркия қорғаныс өнеркәсібі дамыды» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласында дастан жазғанын айтып, «Түркияның тұңғыш отандық соғыс ұшақ кемесі TCG Anadolu-ны өткен жылы пайдалануға бердік. Ұшқышсыз әуе аппараттары және қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары саласында алғашқы 3 елдің біріміз. Біздің ұлттық жауынгерлік ұшағымыз «Каан» ұшағы көкке көтерілді» деді.

Йени Шафак газеті  ««Bayraktar Akıncı-C» алғаш ұшу сынағын сәтті аяқтады» атты хабар жариялаған. «Baykar» компаниясының шабуылға арналған пилотсыз әуе көлігі «Bayraktar Akıncı-C» алғаш ұшу сынағынан сүрінбей өтті. Осылайша «2X850 HP» (HP: ат күші) күшіндегі «Bayraktar Akıncı»-ның үшінші нұсқасы көгілдір аспанға көтерілді. «Akıncı-C» өз күшімен өз класындағы ең тиімді және қабілетті жауынгерлік платформа болады.

Стар газеті «Әлиев: Сіз Әзербайжан халқының нағыз досысыз» деген хабарға орын берген. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент Ердоғанға туған күнімен құттықтауында «Сіз Әзербайжан халқының шынайы досысыз. Әзербайжанның әділ ісіне қатысты әрқашан көрсеткен табанды да айқын ұстанымыңыз бен тайсалмайтын қолдауыңыз  халқымыздың есінен мәнгі кетпейді» деді.  

Хүрриет газеті «Израиль антропологынан Османлы мемлекетінің ұсынысы» атты хабар жариялаған. Израильдік антрополог Джефф Халпер Израиль басқыншылығына қарсы Османлы жүйесін ұсынды. Халпер «Палестиналықтар үшін де, мен сияқты израильдіктер үшін де Османлы мемлекеті сияқты жүйені армандаймын. Адамдар барлық жерде саяхаттай алатын. Олар еркін болды. Бұл 100 жылдан кейін Таяу Шығыста қайталануы мүмкін» деді.

Сабах газеті «Әлмдегі ең 10 дәмді тағам тізімінен Түркиядан да бір қала орын алды» деген хабарға орын берген. «Tasteatlas» деректер базасындағы 16 мың 601 қаланың ішінен ең «дәмді» тағамы бар қалалар таңдалды. Түркияның Газиантеп қаласы алғашқы 10-ға енді.

 



Ұқсас жаңалықтар