Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2106452
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті ««Каан»2028 жылы Әуе күштеріне қосылады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған алғашқы ұшуын жасаған отандық 5-ші буын соғыс ұшағы «Каан»-ның 2028 жылдың соңында Әуе күштеріне қосылуын жоспарлағандарын айтты. Ердоған қорғаныс өнеркәсібінің шыңында болуды мақсат еткендерін білдірді

Йени Шафак газеті ««Каан» әлемнің күн тәртібінде» атты хабар жариялаған. Түркияның ұлттық жауынгерлік ұшағы «Каан»-ның алғашқы рейсі әлемдік баспасөзде кең орын алуда. Халықаралық хабарларда Түркияның 5-ші буын соғыс ұшағын өндіретін санаулы елдердің бірі болғанына назар аударылды. Түркияның заманауи соғыс ұшақтарын шығаруының тарихи бетбұрыс болғаны айтылды.

Сабах газеті  «СКТР президенті Эрсин Татар маңызды мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар түрік әскерлерінің Кипрде тежеу ​​күші ретінде болуының қажет екенін айтты. Татар  «Кипрдегі шешім екі мемлекеттің мойындалуында. СКТР-ның танылуы  керек» деді.

Стар газеті  «Сомалимен қорғаныс келісімі жасалды» атты хабар жариялаған. Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд Түркия мен елі арасындағы қорғаныс және экономикалық ынтымақтастық шеңберлік келісіміне қол қойғанын жариялады. Махмуд «Бұл тарихи келісім ұлтымыздың қауіпсіз және гүлденген болашақ жолындағы жаңа парағын көрсетеді» деді.

Хүрриет газеті  «Түркияға ресурстар ағыны артады» деген хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек түрік фирмаларының халықаралық нарықтарда капиталға енді оңай қол жеткізе алатынына назар аударды. Шимшек «Бағдарламада көздеген мақсаттарға жақындаған сайын елімізге ұзақ мерзімді және үнемді ресурстар ағыны одан да артады» деді.



Ұқсас жаңалықтар