Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2106031
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоғанның «KAAN» туралы сөзі: Біз мұны жасадық және жасаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Афионкарахисардағы мәлімдемесінде Түркияның 5-ші буын әскери ұшағын шығару жолында өте маңызды табалдырықтан өткенін айтты. Ердоған отандық жауынгерлік ұшақ «KAAN» туралы «Отандық жауынгерлік ұшағымыз «KAAN» бүгін алғашқы ұшуын сәтті түрде орындады. Біз мұны жасадық және жасаймыз» деді.

Сабах газеті «KAAN көгілдір аспанда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік аэроғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) өндірген отандық жауынгерлік ұшақ «KAAN» Анкара әуе кеңістігінде алғаш ұшуын жасады. «Мүртед» әуежайынан көтерілген отандық жауынгерлік ұшағы біраз уақыт ұшқаннан кейін базасына сәтті оралды. «КААN» отандық жауынгерлік ұшағы көгілдір аспанда ұшқан күн тарихқа таңба қалдырды.

Ватан газеті «КAAN өзінің алғашқы ұшуын жасап, бүкіл әлемнің назарын аударды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның отандық жауынгерлік ұшағы «КAAN»-ның алғашқы ұшуы әлем баспасөзінде орын алды. «Bloomberg» тарихи ұшуды «бұрылыс кезеңі» деп бағаласа, грек баспасөзі «KAAN»-ның жетілген ерекшеліктері туралы жазды.

Стар газеті «Сомали Түркияның шешімін ресми түрде бекітті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сомали Ақпарат министрі Дауд Авейс елінің Түркиямен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық келісімін бекіткенін мәлімдеді. Авейс «Министрлер кабинеті НАТО мүшесі және Сомалидің жақын одақтасы Түркиямен жасалған қорғаныс саласындағы ынтымақтастық келісімін бекітті. Маңызды ерекшелікке ие осы 10 жылдық келісім Сомали үкіметінің өз егемендігін қорғау жөніндегі күш-жігерін айтарлықтай арттырады» деді.

Хабер түрік газеті «Сауд Арабиясының даму қорынан 55 миллион доллар несие» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сауд Арабиясының даму қоры (SFD) Түркия Республикасымен 55 миллион долларлық несие келісіміне қол қойылғанын білдірді. Аталмыш несиенің «Мемлекеттік мектептерде жер сілкінісі қаупін азайту жобасы» бағытында пайдаланылатыны атап көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар