Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2079223
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті  «Ердоған: Бұл адамзат үшін ұят жағдай» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына байланысты: «Бұл жиіркенішті көріністі, оған себепші болғандарды, оны заңдастыруға тырысқандарды тарих соттайды. Көптеген даңқты мемлекеттердің Израильдің қырғын мен ұрлыққа негізделген жауыздық шабуылдары алдында дәрменсіз қалуы адамзат үшін ұят» деді.

Хүрриет газеті «Кепілге алынған израильдік туысының Президент Ердоғанға түрік тілінде хабарламасы: Бізге көмектесіңіз» атты хабар жариялаған. 7 қазанда немересін Хамас ұрлап кеткен израильдік Стелла Самбрано Түркиядан көмек сұрады. Стамбулда дүниеге келгенін және жылына бірнеше рет Стамбулға келетінін айтқан Самбрано «Стамбулды және (Президент) Ердоғанды ​​өте жақсы көреміз. Бізге көмектесуін сұраймыз» деді.

Йени Шафак газеті «Әлемдік ақпарат құралдары Президент Ердоғанның АҚШ-қа қарсы ұстанымын айтып жатыр» деген хабарға орын берген. Президент Ердоғанның Швецияның НАТО-ға кіру шарты туралы Венгриядан оралған соң, әсіресе АҚШ-қа берген хабарламалары әлем баспасөзінде кең жаңғырық жаратты.

Стар газеті «Түркияның мега жобасы марапатқа тоймайды» атты хабар жариялаған. Америка Құрама Штаттарында орналасқан «Engineering News-Record» журналы «1915 Чанаккале көпірін» «Жыл жобасы» ретінде таңдалда. «1915 Чанаккале көпірінің» жоба иелері марапатталды. Жүлде онлайн арқылы  берілді.

Сабах «Түркияның десеттері Әлемдегі ең дәмді десерттер тізімінде екінші орын иеледі» деген хабарға орын берген. Әлемдегі ең дәмді сүтті десерттердің тізімі жарияланды. Тізімдегі 2-орын Түркияның өте танымал «пісірілген күріш пудингі» болды.



Ұқсас жаңалықтар