Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2062013
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Куртулмуш: Түркия ретінде талпынысымыз залымды тоқтату және мазлұмға көмектесу» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуш Израильдің палестиналықтарды қырғанын атап, «Түркия ретінде талпынысымыз әрі залымды тоқтатып, мазлұмға жәрдем қолын созу, әрі сонымен бірге әлемді жаңа 3-ші соғысқа тартудың алдын алу» деді.

Ватан газеті «Түркия мен Кувейт арасындағы сауда ынтымақтастығы артып келеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сауда министрі Өмер Болат жылдың алғашқы 10 айында Түркияның Кувейтке экспортының 575 миллион доллар, өзара сауда көлемінің 680 миллион доллар болғанын айтты. Кеше Кувейтке ресми сапармен барған Болат «Мұны өзара келіссөздер, көрмелер, сатып алу делегациялары, жалпы сауда-саттық және салалық комиссиялар арқылы жылдам жүзеге асырамыз» деді.

Сабах газеті «Түркияның алғашқы ғарыш көлігі 2026 жылы дайын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Ұлттық ғарыш бағдарламасы аясындағы бастамасымен қолға алынған «Айды зерттеу бағдарламасы» үшін жетілдірілген алғаш ғарыш көлігіндегі барлық процестер 2026 жылға дейін аяқталып, көліктің ғарышқа ұшырылуы жоспарлануда.

Стар газеті «Түркия әлемдегі жетекші елдердің қатарында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық газ қауымдастығының 2023 жылғы Әлемдік Сұйытылған табиғи газ (СТГ) есебі жарияланды. Есепке қарағанда Түркия 3 қалқымалы «СТГ» сақтау және Қайта газдандыру қондырғысымен (FSRU) осы салада маңызды рөл атқаратын әлемдегі жетекші елдердің қатарында орын алады. Сондай-ақ әрқайсысының газдандыру қуаты 28 миллион текше метрді құрайтын «FSRU» қондырғыларымен ерекшеленеді.

Хабер түрік газеті «2 айда 358 миллион долларлық орман жаңғағы экспортталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия 2023-2024 орман жаңғағы экспорты маусымның алғашқы екі айында 358 миллион доллардан асты. Аталмыш кезеңде 54 мың 251 тонна жаңғақ шетелге 358 миллион 383 мың 228 долларға сатылды.



Ұқсас жаңалықтар