Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2061443
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Түркиядан АҚШ-қа атысты тоқтатуға шақыруы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкараға келген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті. Министр Фидан Блинкенге Израильдің Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды нысанаға алуына жол бермеу және дереу атысты тоқтатуды қамтамасыз ету керектігін баса айтты.

Сабах газеті «Анкара Блинкенді жылы қарсы алмады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкараға іс-сапармен келген АҚШ-тық әріптесі Энтони Блинкенмен 150 минутқа кездесті. Кездесуінің артынан баспасөзге мәлімдеме жасамады. Блинкен Фиданды құшақтағысы келді, бірақ Фидан арақашықтықты ұстады.

Хабер түрік газеті «Халықаралық БАҚ: Түріктер Блинкеннің жоспарын білді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен Анкарада бас қосуы әлем баспасөзінде кеңінен орын алды. Орталығы Катардағы «Әл-Жазира» телеарнасы «Блинкеннің басты мақсаты Израиль үшін көбірек уақыт ұту болды. Мұны түріктер білді. Сондықтан жылы қарсы алмады» деді. Британдық "Guardian" газеті де «Түркияда Блинкенді жылы қарсы алған жоқ» деген тақырып қолданды.

Йени Шафак газеті «Коммуникация басқармасы төрағасы Алтунның израильдік БАҚ-қа наразылығы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун өзі мен президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​нысанаға алған Израиль баспасөзіне қатал наразылық көрсетті. Алтун «Түркияның әділдік пен шындықты жақтаған көзқарасының кейбір адамдарды алаңдатып отырғанын көреміз. «Бірақ кім болса да, Газа секторындағы қырғынды тоқтату үшін бар күшімізді саламыз» деді.

Стар газеті «Экспортта жаңа рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның қазан айындағы экспорты өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 7,4 пайыз артып, 22 миллиард 900 миллион долларға жетті. Осылайша Түркия тарихының ең жоғары қазан айы экспортын жүзеге асырды.



Ұқсас жаңалықтар