Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2060825
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Қырғынды тоқтату біздің міндетіміз» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған «Палестиналық бауырларымызды Израильдің езгісінен құтқару және Газада әлемнің көз алдында жасалған қырғынды тоқтату  - біздің міндетіміз. Газадағы бауырларымызды ешқашан қараусыз, дәрменсіз және жалғыз қалдырмаймыз» деді.

Йени Шафак газеті «Шұғыл емделуге мұқтаждар Түркияға жеткізіледі» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа «Бұрын бізге хабарланған және шұғыл емделуге мұқтаж 1000-ға жуық науқас пен жараланған адамды, әсіресе Газадағы Түркия-Палестина достық ауруханасында емделіп жатқан онкологиялық науқастарды жеткізу үшін күш-жігерімізді жалғастырудамыз» деді. Министр одан кейін онкологиялық науқастарды және жағдайы ауыр науқастарды жедел жәрдем ұшақтары мен кеме ауруханасы арқылы Түркияға жеткізу жоспарланғанын білдірді.

Сабах газеті «8 уәлаятта террорға ауыр соққы» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Ішкі істер министрі Али Йерликая 8 уәлаятта ұйымдастырылған «Батырлар операциясы» аясында террор ұйымы PKK-ға тиесілі 21 үңгір мен баспананың жойылғанын хабарлады.

Ватан газеті «Bayraktar TB3» ұшу сынақтарын сәтті аяқтады» деген хабар жариялаған. «Baykar» компаниясы тарапынан ұлттық мүмкіндіктермен дайындалған  «Bayraktar TB3» қарулы ұшқышсыз ұшу аппараты Мармара аймағына әсер еткен және 130 км / сағ жылдамдыққа жеткен оңтүстік-батыс желіне қарамастан 3-ші 5 сағаттық сынақ ұшуын сәтті аяқтады.

Хабер Түрік газеті «Анталияға келген турист саны 15 миллионнан асты» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой биыл Анталияға келген турист санының 15 миллионнан асқанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар