Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

2058206
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Біз Германиямен тамыры терең қарым-қатынасымызға үлкен мән береміз» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған дос және одақтас Германиямен саяси, экономикалық, әскери, мәдени және гуманитарлық салалардағы терең тамырлы қарым-қатынасқа үлкен мән беретіндерін білдірді.

Стар газеті «Палестинаны қолдайтын шерулерге тыйым салып, Құранға бағытталған шабуылдарға рұқсат беру – қос стандарт» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Анкарада Еуропалық Одақ (ЕО) Түркия делегациясының басшысы, Елші Николаус Мейер-Ландрутты және Еуроодаққа мүше елдердің елшілерін қабылдады. Фидан осында сөйлеген сөзінде: «Кейбір Еуропа елдерінде Палестинаға қолдау көрсететін шерулерге тыйым салу үшін қадамдар жасалып жатқанда, сөз бостандығын сылтауратып, қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді нысанаға алған шабуылдарға рұқсат беру - қос стандарт» деді.

Хабер Түрік газеті «29 қазанда Анытқабірге келушілер рекорды» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігі кеше жасаған мәлімдемеде Түркия Республикасының 100 жылдығына орай ел астанасы Анкарада ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік бейіті орналасқан Анытқабірге 1 миллион 182 мың адамның келгенін хабарлады.  Бұл-  жаңа рекорд.  

Сабах газеті ғарыш туралы хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеулер кеңесінің (TÜBİTAK) президенті, профессор доктор Хасан Мандал кеше алғашқы отандық байланыс серігі «Түріксат 6А» ғарышқа 2024 жылы ұшырылатынын мәлімдеді.

Ватан газеті теңіз өнімдері экспортына орын берген.  Хабарға қарағанда, биылғы жылдың 9 айында Түркияның 35 елге су өнімдері экспортынан шамамен 313 миллион 343 мың 154 доллар валюта кіріс келді.  



Ұқсас жаңалықтар