Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2057794
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Түркия Республикасына 100 жыл» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Республикасының 100 жылдығы еліміздің түкпір-түкпірінде шаттықпен тойланды. Президент Режеп Тайып Ердоған Анытқабiр арнайы естелік кітапшасына «Құрметті Ататүрік, 21 жылдық билігімізде сеніміңізді ақтауға тырыстық. Ең үлкен инвестициялық қадамдарды баса отырып, Республикамыздың 2-ші ғасырын «Түркия ғасыры» болады. «Республика бұрынғыдан да қауіпсіз» деп жазды.

Стар газеті «Ердоғанның 100 жылдыққа арналған үндеуi» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған 1923 жылы 29 қазан күні жарияланған Республиканың кеше алғаш ғасырын аяқтап, «Түркия ғасыры» деп аталатын екінші ғасырына аттанғанын атап көрсетті. Ердоған «Ешбір империалық күш Түркия Республикасының бақытты, табысты және жеңіске жетуіне кедергі жасай алмайды» деді.

Хабер түрік газеті «Босфорда керемет рәсім» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Республикасының 100 жылдығына орай отандық «TCG Anadolu» әскери кемесіне қоса 100 әскери кеме Босфордан өтті. Кемелер Босфор бұғазынан салтанатты түрде өтіп жатқанда, «Соло түрік» және «Түрік жұлдыздарына» тиесілі 20 әскери ұшақ Босфорда акробаттық шоу жасады. Қала тұрғындары көз тартар шоуды бар ынтасымен тамашалады.

Сабах газеті «Куртулмуш: Жаңа әлем құрылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуш Түркия Республикасының 100 жылдығына орай баяндамасында «Империалистер қандай ойын ойнаса да, ұлтымыздың басшылығымен жаңа әлем орнап, дүние әділдік орнаған тәртіпке көшеді» деді.

Йени Шафак газеті «Куртулмуш: Палестина халқы барлық соғыстарда бізбен бірге едi» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда ТҰҰМ-нің төрағасы Нуман Куртулмуш Түркия Республикасының құрылуы жолында палестиналықтар жасаған пидақорлыққа назар аударды. Куртулмуш «Бүкіл әлемнің көз алдында Израиль тарапынан жауыздықпен қырылып жатқан Газа мен Палестина халқы Республикамызға дейін өткен барлық соғыстарда ата-бабаларымызбен бір майданда шайқасты» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар