Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2056700
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоғанның ЕО-ға қатаң наразылығы: Атысты тоқтату үшін тағы қанша бала өлуі керек?» деген хабарға орын берген. Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына наразылық білдірген президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодаққа үн қатып, «Газаға тағы қанша тонна бомба келіп құлауы керек, атысты тоқтату үшін тағы қанша баланың өлуі керек?» деді.

Стар газеті  «Түркиядан ДДСҰ-на үндеу» деген хабарға орын берген. ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуске жазған хатында: «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Газада өзінің жетекшілік жауапкершілігімен және шұғыл қажетті бастамаларды қолдана отырып, денсаулық сақтау қызметтерінің қауіпсіздігін кепілге алуы керек» деді.  

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Түркіменстанды толық мүше ретінде көргіміз келеді» деген хабар жариялаған. Президент Ердоған Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен ортақ баспасөз мәлімдемесінде «Түркі Мемлекеттері Ұйымына бақылаушы мүше Түрікменстанды толыққанды мүше ретінде көргіміз келетінін баса айтқым келеді» деді.

Сабах газеті министр Кажырдың сөздеріне орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Түркияның Әскери ұшқышсыз ұшатын аппарат өндірісінде әлемде бірінші орында екенін мәлімдеді.

Йени Шафак газеті «Ұлттық жауынгерлік ұшағы «KAAN» алғаш рет ұшады» деген хабарға орын берген. «KAAN» ұлттық жауынгерлік ұшағы биылғы алғашқы ұшуына дейінгі маңызды кезеңдердің бірін сәтті аяқтады. «KAAN» толық ұзындықтағы статикалық сынақта өзіне тиелген жүкке төзімділігін көрсетті. Желтоқсан айының басында жылдамдық сынақтарынан өтетін  «KAAN» ұшағының ұшуына да санаулы уақыт қалды.



Ұқсас жаңалықтар