Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2056201
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Израиль! Батыстың саған қарызы көп. Бірақ Түркия саған қарыз емес!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде батыстың "Хамасты" террор ұйымы ретінде ұабылдағанын атап, Израильге және әлемге «Израиль! Сен ұйым бола аласың. батыстың саған қарызы көп. Бірақ Түркия саған қарыз емес. «Хамас» террор ұйымы емес, өз жері мен азаматтарын қорғау үшін соғысып жатқан моджахедтер тобы» деді.

Хүррийет газеті «Сыртқы істер министрі Хакан Фидан: Құрлық операциясы қатыгездікті қырғынға айналдырады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Катарда жасаған мәлімдемесінде Израильдің Газа секторына бағытталған құрлық операциясының қатыгездікті толық қырғынға айналдыратынын атап көрсетті.

Йени Шафак газеті «Алтун Израильге журналисттер үшін шақыру тастады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Израиль әкімшілігі бейбіт тұрғындардың қазасын елемеуді тоқтатып, ақпарат қызметкерлерін қорғау үшін одан күшті шаралар қабылдауға шақырды.

Хабер түрік газеті «Анталияға келген турист саны 14,5 миллионнан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жерорта теңізі Туристік қонақ үй қожайындары мен операторлары қауымдастығы төрағасы Каан Кавалоғлу кеше Анталияға келген турист санының 14,5 миллионнан асқанын айтты. Кавалоғлу қалаға ең көп турист жіберген елдердің Ресей, Германия және Ұлыбритания екенін атап көрсетті.

Стар газеті «1915 Чанаккале көпірі марапатқа ие болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның ең үлкен көпірлерінің бірі және әлемнің үздік инженерлік жобасы 1915 Чанаккале көпірі «Global Best Projects» (Жаһандық үздік жобалар) байқауында бірінші орынды иеледі.

 

 



Ұқсас жаңалықтар