Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2055613
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Халықаралық қауымдастық емтиханнан өте алмай отыр» деді» атты хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған 24 қазан БҰҰ күні мен БҰҰ-ның құрылғанына 78 жыл толуына орай жариялаған жолдауында «Өкінішке қарай халықаралық қоғамдастық Израиль әкімшілігінің бейбіт тұрғындарға қарсы заң мен шекараны мойындамайтын шабуылдары алдында емтиханнан өте алмай отыр» деді.

Хүрриет газеті «Ердоған: Батыстың үнсіздігі Газадағы дағдарысты ушықтыруда» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Палестина жеріне қарсы қатыгездіктің біртіндеп тереңдеп, бейбіт тұрғындар өлімінің минут өткен сайын артып келе жатқанына назар аударды. Ердоған батыс мемлекеттерінің үнсіздігінің Газадағы гуманитарлық дағдарыстан құтылу мүмкін емес деңгейге жеткізгенін білдірді.

Йени Шафак  газеті әскери оқу-жаттығуға орын берген.  Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай Әзербайжанда түрік және Әзербайжан Қарулы күштері ұйымдастырған «Мұстафа Кемал Ататүрік 2023» бірлескен оқу-жаттығуының «Құрметті бақылаушы күні» кезіндегі жаттығулар туралы мәлімет жарияланған.

Сабах газеті Сауда министрінің сөздеріне орын берген.  Хабарға қарағанда, Сауда министрі Өмер Болат "200-ден астам елге 11 мың 500 түрлі өнім сатамыз. Соңғы 20 жылда экспортымыз 7 есе өсті. Осы тұрғыдан экспортымыздың 45 пайызы дамыған, бай елдерге бағытталған" деді.

Стар газеті «Түркияның мәдени мұрасы «қызыл тізіммен» қорғалады» деген хабар жариялаған. Тарихи және мәдени маңызды туындыларды қорғау және контрабанданы болдырмауды мақсат еткен жолбасшы «ICOM (Халықаралық мұражайлар кеңесі) Қызыл тізімін Түркияға бейімдеу туралы келісімге Анталияда қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар