Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2055054
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Әл-Жазирадан назар аударатын Түркия талдауы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда орталығы Катардағы Әл-Жазира телеарнасы Түркия туралы назар аударарлық бір талдау жасады. «Әрі Хамас, әрі Израиль байланысы бар санаулы елдердің бірі болған Түркия тұрақты бейбітшілік үшін келіссөздер жүргізгісі келеді» делінген талдауда Түркия туралы «Әлемдегі ең шешімсіз қақтығыстардың біріне тұрақты бейбітшілік әкелу үшін әлеуетті бір делдал» делінген.

Стар газеті «Түркиядан Газаға жәрдем хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Газаға көмек тасымалдайтын ұшақтардың Мысырға жеткені туралы мәлімдеме жасаған Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа «Ұлтымыз атынан осы жауапкершілікті орындағанымызға қуаныштымыз. Біздің гуманитарлық жауапкершілігіміз осымен бітпейді, жалғасы бар» деді.

Сабах газеті «Фидан: Кавказда шешім табудың жолы – бейбітшілік келісімі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Иранның бас қаласы Тегеранда «Оңтүстік Кавказ аймақтық ынтымақтастық платформасы» отырысына қатысқан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияның Кавказда тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін аймақтық мәселелердің келіссөз арқылы шешілуін жақтағанын баса айтты. Фидан «Аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа апаратын жол Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылатын ауқымды бейбітшілік келісімінде жатыр» деді.

Хабер түрік газеті «Швецияның НАТО-ға мүшелігі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасына президент Режеп Тайып Ердоған қол қойып, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне (ТҰҰМ) жіберді.

Хүррийет газеті «Габарда өндірілетін мұнайдың тәуліктік мөлшері артты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік мұнай акционерлік қоғамы Шырнактың Габар тауында орналасқан мұнай кенішінде күнделікті 25 мың баррель мұнай өндірісіне қол жеткізілгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар