Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2025276
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Неміс газетінің Түркия талдауы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда әлемнің көптеген еліне экспортталатын соғыста және бейбітшілікте қызмет ететін түрік қарулы және қарусыз пилотсыз әуе көліктері бұл жолы неміс баспасөзінің күн тәртібінде. Германияның «Frankfurter Allgemeine» газеті түрік қару-жарақ өнеркәсібіне назар аударды. «Түрік әскери өнеркәсібі бұрынғыдан да табысты» деген неміс газеті көптеген елдің түрік пилотсыз әуе көліктерін алғысы келгенін жазды.

Сабах газеті «Moody's түрік банктерінің болжамын көтерді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық несие рейтинг агенттігі «Moody's» түрік банктерінің болжамын минустан тұрақтыға өзгертті.

Хабер түрік газеті «Муғлаға келетін поляк туристер саны артып келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Муғлаға 7 айда келген 1 миллион 779 мың 356 туристтің 120 мың 328-ін поляктар құрады.

Йени Шафак газеті «Сүмела монастырында 10-шы рәсім өтті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Фенер Понти патриархы Варфоломей бастаған 10-шы рәсім Трабзонның Мачка ауданындағы Сүмела монастырында өтті. Рәсімде үн қатқан Варфоломей президент Режеп Тайып Ердоған мен мемлекеттік лауазымдыларға 2010 жылдан бері рәсімді өткізуге рұқсат бергені үшін алғысын білдірді.

Стар газеті «Галатасарай 1-0 Олимпия Любляна» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Галатасарай» өз көгалында Словения өкілі «Олимпия Любляна» командасын қонақ қвлды. Сары-қызыл түсті форма киген команда қарсыласын Мауро Икардидің қақпаға салған голымен 1:0 есебімен жеңіп, «play-off» турына өтті.



Ұқсас жаңалықтар