Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

2024706
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Сыртқы істер министрлігінен Арменияға ашық хабарлама» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрлігі Лачын жолында Әзербайжанмен қайшылыққа түскен Арменияға хабарлама жасады. Хабарламада «Біздің Армениядан күтетініміз – арандатушылық әрекеттерден аулақ болу және Әзербайжанның аумақтық тұтастығы мен егемендігін мойындау» деп айтылды.

Стар газеті 91,4 миллион долларлық түрік ақсерке экспортына орын берген. Шығыс Қаратеңіз аймағынан түрік ақсерке экспорты қаңтар-шілде кезеңінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97 пайыз артып, 91 миллион 428 мың 514 долларға жетті.

Йени Шафак газеті  «Мәулана Босниядан өтті» деген хабар жариялаған. 29-шы Сараево кинофестивалінде (SFF) TRT-тің цифрлық платформасы «Tabi» арқылы көрсетілетін «Мәулана Желаледдин-и Руми» телехикаясының әлемдік премьерасы өтті.

Ватан газеті «Робби Уильямс Түркияда алғаш рет концерт береді» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, ағылшын әнші және ән жазушы Робби Уильямс 17 тамызда Мугланың Бодрум ауданында концерт береді. Концерт билеттері 17 мың 600 лирадан сатылымға шықты.

Хабер Түрік газеті «Олба көне қаласында әйел мүсіні мен 2 фриз сынығы табылды» деген хабарға орын берген. Мерсиннің Силифке ауданындағы эллинизм дәуірінің маңызды қоныстарының бірі ежелгі Олба қаласында біздің эрамыздың 2-ші ғасырына жататын әйел мүсіні мен мифологиялық көріністері бар 2 фриз сынығы табылды.



Ұқсас жаңалықтар