Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2024089
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоғанның дипломатиялық талпыныстары» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған сыртқы қарым-қатынастарды бастады. Ердоған тамыз айының аяғында Венгрияға, қыркүйекте Үндістан мен Америка Құрама Штаттарына барады. Әлем үшін маңызды шешімдер қабылданатын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясына қатысатын Ердоған АҚШ сапары барысында ел басшыларымен бөлек кездеседі.

Хүрриет газеті «Германия баспасөзі: Түркия Украина соғысында маңызды рөл атқарады» атты хабар жариялаған. Неміс басылымы «Deutsche Welle (DW)» Ресей-Украина соғысында Түркияның маңыздылығына тоқталды. Мақалада Түркияның Украинаның басып кіруінен кейін бірден Босфор және Дарданелл бұғаздарын барлық соғыс кемелері үшін жауып, теңіздегі күш тепе-теңдігін қорғағаны баса айтылды. Мақалада бұл жағдайдың Түркияға маңызды геостратегиялық позиция бергені атап өтілді.

Стар газеті «Иммигранттарды жіберудің жаңа формуласы» деген хабарға орын берген. Түркияда баспана іздеушілер мен заңсыз иммигранттарды елдеріне қайтару үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Осы аяда Сирияның Халеб  аймағындағы әлеуметтік және коммерциялық өмірді жандандыру көзделуде. Жоспар жүзеге асқан кезде Түркияда тұратын жүздеген мың сириялық елдеріне оралады.

Хабер Түрік газеті «Түркияға круизбен келген жолаушылар саны артты» атты хабар жариялаған. Жазғы кезеңде Түркияға круизбен келген жолаушылар саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 66,7 пайызға артты. Жыл соңына дейін жолаушылар саны рекордтық көрсеткішке жетеді деген болжам бар.

Ватан газеті  «Ван көліндегі қызықты жаңалық» деген хабарға орын берген. Түркияның 800 мың жылдық тарихы бар ең үлкен көлі Ван көлінің түбіндегі қирандылар сүңгу арқылы әлемге таныстырылды. Бұл қызықты жаңалық болып табылады. Ван көлінің түбінінен зираттың да, ауыл өмірінің де іздері бар аймақтар табылды. Енді осы жұмбақтың шешімі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар