Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2023287
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «6,5 миллион тұрғын үй салуды мақсат етеміз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған «қала келбетін өзгертуге» байланысты Түркия бойынша 6,5 миллион тұрғын үйді жылдам қайта салуды мақсат еткендерін айтты. Ердоған «Жер сілкінісінен қираған қалаларымызды инфрақұрылымымен бұдан да керемет, берік және кеңірек етіп саламыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Украина: Ердоған астық келісімінің қайта басталуын қамтамасыз ете алады» атты хабар жариялаған. Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Президент Ердоғанның Қаратеңіз астық дәлізі келісімінің қайта басталуын қамтамасыз ете алатынын білдірді.

Стар газеті «Бәрі Президент Ердоғанның есігін қағып жатыр» деген хабарға орын берген. Норвегия баспасөзі Астық дәлізінің қайта жұмыс істеуі үшін Президент Ердоғанның белсенді рөлі мен дипломатиясына назар аударған мақала жазды. Астық дәлізі туралы Ердоғанның аймақтағы жалғыз ықпалды көшбасшы екенін жазған Норвегия баспасөзі «Барлығы Ердоғанның есігін қағып жатыр. Ол халықаралық саясаттың бел ортасында отырып, барлығымен сөйлесе алатын жалғыз тұлғаға айналды. Ердоған халықаралық саясатта үлкен күшке ие болды» деді.

Хүрриет газеті «Ұлттық қорғаныс министрлігінен терроризммен күресте табандылық хабарламасы» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрлігі лаңкестікпен күресте табандылық туралы мәлімдеме жасап, «Террористер өздерін күтіп тұрған ақырзаманнан құтыла алмайды, қаһарман армиямыз шейіттеріміздің қанын жерде қалдырмайды. Террорист түбегейлі жойылғанға дейін күрес табандылықпен жалғасады» деді.

Сабах газеті «Министр Шимшектің Moody's туралы көзқарасы» деген хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек халықаралық несие рейтинг агенттігі Moody's-тің Түркия талдауына баға беріп, «Халықаралық нормаларға сай саясаттарды жүзеге асыруға бел байладық. Бұл несие рейтингімізге де әсер етеді деп ойлаймыз» деді.

     



Ұқсас жаңалықтар