Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2022766
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «ҰҚК отырысында Африкаға баса назар аудару» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) отырысынан кейін жасалған жазбаша мәлімдемеде Африкадағы оқиғалардың қадағаланғаны және құрлықтың мәселелеріне ең лайықты шешімді тек құрлық иелерінің таба алатыны атап көрсетілді.

Стар газеті «Қорқыныш және үрей: Түріктерден артта қалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік қорғанысы туралы таңғаларлық мәлімдемелерімен күн тәртібіне келген грек телеарнасының бағдарлама жүргізушісі Яннис Теодоратос Еуропа үшін жақындаған қауіпті қорқыныш және үреймен экрандарға әкелді. Түрік қорғанысының сәтті ілгерілеуіне назар аударған грек бағдарлама жүргізушісі «Париж теңгерімді бақыуға алмаса, еуропалық қару-жарақ өнеркәсібі 2025 жылдың соңына дейін түріктерден артта қалады» деді.

Сабах газеті «Абдулхамид Хан кемесіне жаңа қызмет» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Флотқа қосылғанына бір жыл толған «Абдулхамид Хан» бұрғылау кемесі Жерорта теңізіндегі жаңа қызметіне жіберілді. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​«Абдулхамит Хан» бұрғылау кемесінің жаңа қызметін бастағанын хабарлады.

Хабер түрік газеті «ЭЫДҰ-нан Еуразия туннеліне «қоршаған орта» сыйлығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия туннелін «қоршаған орта» сыйлығына лайық деп жариялауына байланысты «Бұл марапат біздің жобамыздың экологиялық сезімталдықты және болашақ ұрпаққа қалдырылатын мықты инфрақұрылымды білдіретін көрсеткіш болып табылады» деді.

Хүррийет газеті «Жүзуші Айсу Түрікоғлу тарихқа атын қалдырды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Бодрум тұрғыны 22 жасар жүзуші Айсу Түрікоғлу Ла-Манш теңізінен кейін Солтүстік арнадан өтіп, тарихқа енді. Түрікоғлу Солтүстік арнадан өткен алғашқы түрік әйел және жас түрік спортшысы атанды.



Ұқсас жаңалықтар