Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2022169
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Шекара тысындағы операциялар жалғасады» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымдарына қарсы шекарадан тыс операциялардың жалғасатынын баса айтты. «Ирак пен Сирия тұрақтанған сайын босқындардың өз еркімен, қауіпсіз түрде елдеріне оралуы жеделдей түседі», - деді Ердоған.

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Ресей-Украина дағдарысын шешудегі шешуші ел  - Түркия» деген хабар жариялаған. Түркияның Ресей-Украина соғысының алғашқы күнінен бастап тепе-тең және әділ ұстаным ұстанғанын атап көрсеткен президент Ердоған «Еліміз бұл дағдарыстың шешілуінде шешуші ел рөлін өз мойнына алды» деді.

Хүрриет газеті де президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Ердоған 17 шілде күні тоқтатылған астық дәлізі бастамасының ауқымын кеңейту арқылы қайта іске асырылуы үшін байланыстардың жалғасып жатқанын айтты. Ердоған бұл мәселені одан әрі тығырыққа тіремей шешу батыс елдерінің уәделерінің орындалуына байланысты екенін мәлімдеді.

Стар газеті «АҚШ-тан Түркия мәлімдемесі» деген хабарға орын берген. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Түркияның Қаратеңіз астық келісіміндегі маңызды рөлін құптағанын хабарлады. АҚШ Мемлекеттік департаменті Түркияның Ресейдің Қаратеңіз астық келісіміне қайта оралу үшін жасаған талпынысына АҚШ-тың риза екенін мәлімдеді.

Сабах газеті «Астық дағдарысының шешімі  - Түркия» деген тақырып қолданған. Дубайда орналасқан «Al Arabiya» хабар арнасы президент Ердоғанның астық дағдарысы туралы батысқа жолдауына назар аударды. Ердоғанның батыс елдеріне ескертуіне баса назар аударған хабар арнасы «Ердоған батыстың Украина астығы үшін берген уәделерін орындауын сұрады. Израильдің «i24 News» арнасы да Түркияның құлаған жүйеде «негізгі ойыншы» болғанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар